{metadescription}
Magnum дүкендер желісі мүмкіндігі шектеулі баланың арманын орындады
Magnum дүкендер желісі мүмкіндігі шектеулі баланың арманын орындады

Magnum дүкендер желісі мүмкіндігі шектеулі баланың арманын орындады

Электр қозғалтқышы бар орындық-арбамен супермаркет аралау. Magnum дүкендері бөлшек-сауда желісі , ерекше қажеттілігі бар баланың арманын орындады.

Ерасыл Сәйден анасымен бірге дүкен әкімшілігіне хат жазып көмек сұраған. Жасөспірім ауыр сырқатына байланысты жүре алмайтынын жеткізген. Яғни ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған өз арбасы болып, дүкен аралағысы келетінін айтқан.   

14 жастағы Ерасыл церебральды паралич диагнозына байланысты көп жылдан бері сыртқа мүлдем шықпаған. Оның үстіне мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбасы да жоқ. Сатып алуға қалтасы көтермейді. Жақында жасөспірім арнайы арбаға қаржы жинау мақсатымен видеоүндеу жазып әлеуметтік  желіге таратады. Алайда қажет қаржы сол күйі жиналмаған. Сонда да үмітін үзбеген Ерасыл анасынан демеуші табуды сұрап, өзге де жолын қарастырады.

Самал Әшірова:

- Ұлым қысыжазы үйде отыруға мәжбүр. Сыртқа мүлдем шықпайды. Оны алып шығуға өзімнің де күшім, денсаулығым жарамайды. Белімде жарық бар. «Магнум» дүкендер желісіне хат жазып көріп едік, дереу қабыл алды. Баламның арманын орындауға атсалысқан дүкен әкімшілігіне алғысымды білдіремін.

Дүкен әкімшілігі Ерасылдың тағы бір арманы барын біледі. Ол ешқашан супермаркетке кіріп, ішін араламаған екен. Жақында еріктілер оны дүкенге алып келді. Мұнда оны арнайы арба мен супермаркеттің ішін аралау күтіп тұрды.

Ерасыл Сайден:

Менің бала күннен арманым «Магнумға» бару. Мен неге бара алмаймын деп ойланамын. Бәрі бара алады, мен бара алмаймын. Бәрі жүреді. Мен жүре алмаймын. Менің әсерім шексіз, мұндай дүкенде бірінші рет болып тұрмын. Мұндай үлкен дүкендер туралы интернеттен YouTube, басқа әлеуметтік желілерден көретінмін. Бұл жердің атмосферасы жағымды, бәрі әдемі, тартымды екен.

Баланың арманын орындауға қоғам белсендісі Арман Әбілдаев та көмектесті. Ол Ерасылдың әлеуметтік желідегі үндеуін ең бірінші болып байқап, көмектесуге бел байлаған. 

Арман Әбілдаев, қоғам белсендісі:

Оның арманы сондай қарапайым арман болды. Өзіне бір кішігірім арба алсам, сонымен «Магнум» супермаркетіне барып, сол жерде қыдырып,көріп қайтсам деген ғана арман. Соны естіп, менің жүрегіме сол баланың арманы тиіп, өзімнің таныстарыма жүгініп, соларға хат жазып, сондағылардан көмек сұрай бастадым. Ең бірінші көмекті берген – «Магнум» басшыларына үлкен алғысымды айтамын. Сол кісілер ең бірінші болып, өздері маған шығып, хабарласып, «біз көмектесеміз, барлығын өз мойнымызға аламыз» деп, міне, соның арқасында бүгінгі күні Ерасылға арманын жүзеге асырып, арбаға мінгізіп, қуаныш сыйлап жатырмыз.

Енді «Магнумға» бару Ерасылдың әдеттегі ісіне айналды. Ол қазір белсенді түрде ағылшын тілін үйреніп жүр. Алдағы уақытта алыс шетелдерге саяхаттауды армандайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.