{metadescription}
Жанармай бағасының азық-түлік, тауар, жалпы қызмет құнына әсері қандай?
Жанармай бағасының азық-түлік, тауар, жалпы қызмет құнына әсері қандай?

Жанармай бағасының азық-түлік, тауар, жалпы қызмет құнына әсері қандай?

«Бағаны өсіруден басқа амал жоқ». Жанармай құнының қымбаттауын бүгін премьер-министрдің өзі түсіндіруге тырысты. Үкіметке мұндай шешім қабылдау оңайға соқпапты. «Әйтпесе жақын арада жанармай тапшылығына тап болатын едік», - дейді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Бұл оңай шешім емес. Бұл шешімді қабылдауға біз мәжбүр болып отырмыз. Егер қазір осы мұнай өнімдерінің бағасын қайта қарамасақ, онда жақын арады мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз. Жалпы Қазақстанда дизель мен бензиннің тұтыну деңгейі өте жоғары болып қалыптасып отыр.

Жыл сайын елімізде бензин мен дизельді тұтыну мөлшері өсіп келеді дейді Үкімет басшысы. Одан бөлек, Қазақстандағы арзан өнімге қызығып көрші елдерге тасып бизнес жасап жүргендер көп. Өйткені біздегі баға әлдеқайда төмен екен. Сол арзан отынды түрлі жолмен шекара асырып жатқандардың жолын кесу де оңай емес. Бірақ енді заңсыз тасымал ұйымдастырғандарға жаза қатаңдайтынын премьер тағы ескертті. Өз кезегінде Үкімет жанармай өндірісін ұлғайту үшін барын салатын болады.

Ал жанармай бағасының өсуі азық-түлік пен басқа да тауардың, жалпы қызмет құнына әсері қандай? Бұл сұраққа да сауда министрінің жауабы дайын. Баға кенет құбылып шарықтап шыға келеді деуге негіз жоқ дейді Серік Жұманғарин. Сондықтан алдын ала дабыра қылмауға шақырды.   

Серік Жұманғарин, ҚР премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі:

- Жұмыртқа мен тауық етін алсаң, оның құнында жанаржағармайдың үлесі екі пайыз, қантта бес пайыз. Тасымалдау қымбаттайды. Күнбағыс майы, жанар-жағармай 25 пайызға қымбаттаса, күнбағыс майдың құны 2,4 пайызға өседі. Ол деген қазір 700 теңге деп есептесек, ол деген 14 теңгеге өседі. Жалпы мықты әсер етеді деп мен ойламаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде