{metadescription}
ҰҚК Күдебаевтың елден шығып кеткенін тек төрт күннен кейін білген
ҰҚК Күдебаевтың елден шығып кеткенін тек төрт күннен кейін білген

ҰҚК Күдебаевтың елден шығып кеткенін тек төрт күннен кейін білген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті генерал Күдебаевтың елден шығып кеткенін төрт күннен кейін бір-ақ білген. Аталған факті бойынша қылмыстық іспен Бас прокуратура айналысып жатыр дейді бүгін Мәжіліске келген шекара қызметінің директоры.

Ерлан Алдажұмановтың айтуынша, қазір Күдебаевты іздеуге алты шекара заставасы, жалпылама 300-ге жуық адам жұмылдырылыпты. Шекара қызметінің директоры айыпталушының мемлекеттік шекарадан ресми түрде өтпегенін де растады. Тергеу жүріп жатқандықтан, жағдайды бүге-шүгесіне дейін айтуға болмайды деді ол.

3 сәуір күні Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа іздеу жарияланған. 23 наурызда полиция генералы қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен деген болжам бар. Күдебаевқа қаңтар оқиғасы кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін, сот отырысы генералдың келмеуіне байланысты бірнеше рет кейінге шегерілген болатын.

Ерлан Алдажұманов, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры:

- Ол Қырғызстанға өтіп, ар жағынан үшінші елдерге кетті деген ақпарат түскен соң, Шекара қызметі мемлекеттік шекараны заңсыз қай жерден кесіп өткенін анықтау үшін қызметтік тексеріс бастады. Бұл жұмысқа көрші елдер қосылды, Қырғызстанның шекара қызметіне ресми сауал жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.