{metadescription}
Ерлан Сайыров: Сепаратизмнің түп-тамырына балта шабу керек
Ерлан Сайыров: Сепаратизмнің түп-тамырына балта шабу керек

Ерлан Сайыров: Сепаратизмнің түп-тамырына балта шабу керек

Сепаратизмнің түп-тамырына балта шабу керек. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Петропавл қаласында болған жағдайға қатысты тиісті органдарға депутаттық сауал жолдады.

«Петропавлдағы бірқатар азаматтың ел бірлігіне іріткі салатын мәлімдемесі бүкіл халықтың мазасын қашырды», - дейді мәжілісмен. Олар өздерінің іс-әрекеттері үшін заң алдында нақты, қатаң жауап беретінін сезініп, түсінуге тиіс. «Құзырлы орындар мемлекеттің территориялық тұтастығына нұқсан келтіруге ниетті топтарға қатысты құқықтық тексеру жүргізіп, олардың тамырына балта шабуы қажет» - деп, сөзін түйіндеді Сайыров.

Бұған дейін әлеуметтік желіде бір топ азаматтың видеосы тараған. Олар Қазақ кеңестік социалистік республикасының 1937 жылғы Конституциясы негізінде "Жұмысшылардың халық кеңесі" құрылғанын жариялап, тіпті Қазақстан Республикасын "корпорация" деп атаған. Бас прокуратура қазір бейнероликтегі тұрғындарды тергеумен айналысып жатыр.

Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты:

- Белгілі ғой, қазіргі таңда ішкі күштер де, сыртқы күштер де болуы мүмкін. Азаматтардың  білместігі де болуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселемен терең айналысу керек. Бұл азаматтардың үндеуі Қазақстандағы мемлекеттік өзін-өзі сезіну мәселесіндегі дағдарысты көрсетіп отыр. Сондықтан бұл біздің еліміздегі ақпараттық қоғамдық-саяси негіздегі үлкен сәтсіздік деп айту керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.