Жүргізуші куәлігін сынақ мерзімінен кейін беру қарастырылып жатыр
Елімізде жүргізуші куәлігі берілгенге дейін сынақ мерзімі енгізілуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі шетелдік тәжірибелерді зерттеп, жүргізуші куәлігін сынақ мерзімінен кейін беру тәжірибесін қарастырып жатыр.
Автор: Мерей Қалиасқар
05.04.2023
Финляндияда жүргізуші куәлігі екі жылдық сынақ мерзімінен және бірқатар емтиханнан өткеннен соң бір-ақ беріледі екен. Мақсат — жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімді азайтып, көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру.
Еліміздегі соңғы мәлімет көңіл көншітпейді. Бір ғана Жезқазған қаласында жылдамдықты шектен асыру әлемдік орташа көрсеткіштен 2,6 есеге жоғары, ал белдік тақпай көлік тізгіндегендердің үлесі 8 жарым есеге артық. "Жол апатының алдын алуға бағытталған шаралар 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамаға негізделетін болады" делінген ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!