{metadescription}
ТЖМ сейсмика қауіпсіздігін қайта қарауға мәжбүр
ТЖМ сейсмика қауіпсіздігін қайта қарауға мәжбүр

ТЖМ сейсмика қауіпсіздігін қайта қарауға мәжбүр

Алматыда жыл соңына дейін 30 сейсмостанция пайдалануға беріледі. Төтенше жағдайлар министрі Түркиядағы зілзаладан кейін елдің сейсмика қауіпсіздігін қайта қарауға мәжбүрміз деп отыр. Қазақстан аумағының 40 пайыздан астамы сейсмикалық тұрақсыз аймақ.

«Соңғы жүз жылда елде апатты жер сілкінісі тіркелмеген, бірақ бұл қамсыз отыруға себеп емес», - деді Юрий Ильин.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір міндет қойылды, оны жергілікті бюджет есебінен Алматы қаласының әкімдігі іске асырады. Жыл соңына дейін 30-дан астам жер сілкінісі станциялары беріледі. Бұл жер сілкінісі қаупін егжей-тегжейлі талдауға көмектеседі. Менің ойымша, мұндай жұмыс барлық сейсмикасы қауіпті өңірлерге таралуы тиіс. Біз болашақта сейсмостанциялар желісін дамыту үшін бұл мәселені пысықтайтын боламыз.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек заңға сейсмоаудит туралы норма енгізу керек дейді. Осындай қосымша шара арқылы заңды күшейтпесе, арты орны толмас өкінішке апарып соғуы мүмкін. Сейсмоаудит енгізуге, құрылыс компанияларын заңдық тұрғыда жауапкершілік алуға міндеттеуге Үкімет дайын ба? Қосымша қаражат қарастыруға қауқарлы ма? Әзірге осы сарындағы бірқатар сұрақтың басы ашық күйде. Сондай-ақ мәжілісмен төменгі палатаның қарауында жатқан «Қала құрылысы» кодексін мердігер компаниялардың емес, қарапайым ел азаматтарының мүддесіне сай жасауымыз керек деген пайымда.

Бақытжан Базарбек, Мәжіліс депутаты:

- Өкінішке қарай, бізде бақылау сейсмо-аудит деген жоқ, жарнамада. Одан кейін 2010 жылдан бастап комиссиялық қабылдаудан бас тартқанбыз. Оны басқаша айтқанда, біздің «Сәулет құрылыс туралы заң талабына сай, егер үй құлап қалса, туысқандарымыздың денесі қалып қалса, мұндай жағдайда құрылыс компаниясы жауап бермейді. Бұған авторлық техбақылау ғана жауап береді. Ал 50-60 мың теңге төлеп, авторлық техбақылауға қол қоюға болады. Сондықтан да біз заңнаманы күшейтуіміз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде