Балқашта орталық құбыр жарылып, халық сусыз қалған
Балқаш қаласы екі күннен бері ауызсусыз отыр. Себебі: қаланы сумен қамтитын орталық құбыр жарылған. Сондықтан таза су тұрғындарға көлікпен жеткізілуде.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
05.04.2023
Елена Львова, Балқаш қаласының тұрығыны:
- Су жоқтығы қорқынышты әрі қиын. Су жиі тоқтайды. Сондықтан үйге үнемі қосымша су жинап алып отырамыз. Өйткені біздің қаладағы құбырлар ескірген. Сонау Кеңес
Кешелі бері Балқаш қаласымен қоса, Қоңырат шағынауданы мен Балқаш станциясы да судан қағылды. Себебі: су жеткізетін магистральді құбырдан ақау шыққан. 80 мың халқы бар қалада ауызсудың жоқтығы дем арада сезілді. Су таситын төрт автокөлік күні-түні дамыл таппауда. Шелегін ұстап кезекке тізілгендер көп. Әлеуметтік нысандарға су тасылып, мектептерде сабақ кестесі қысқартылған. Ал еріктілер үйінен шығуы қиын кәрі адамдар мен мүгедектерге көмектесіп жатыр. Құбырдың тесілген жері бүгін ғана табылыпты. Кешке дейін жөнделсе, түнделетіп қалаға ауызсу беріледі дейді шенеуніктер.
Темірлан Игембай, Балқаш қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
- Ақауды жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Апат орнында «Балқаш су» мекемесінің жұмысшылары мен арнайы техникалар бар. Бұл жұмыс бүгін аяқталуға тиіс. Қалаға кешке қарай ауызсу беріледі деп болжап отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!