Үкімет шегірткемен күреске төрт миллиард бөлді
Төрт миллиард теңге. Биыл шегірткемен күреске Үкімет осынша қаржы бөліп отыр. Өйткені еккен егінге қырғидай тиетін зиянкестің көзін ертерек жоймаса, дәнді дақылсыз қалуымыз мүмкін. Былтыр бұл шаруаға 1 миллиард 800 миллион бөлінсе, биыл екі есе көп.
Автор: Әзиза Төленби
05.04.2023
Қазірдің өзінде Түркістан облысында мароккколық шегірке дернәсілдерінің пайда болған. Бір-екі күнде мұнда улау жұмысы басталады. Биыл зиянкестердің көшіп келу қаупі жоғары дейді мамандар. Алдын алмаса, бір жарым миллионнан астам гектар жерге себілген дәнді жеп кетуі мүмкін. Оның үстіне, күннің ерте жылуына байланысты жұмыс та ерте басталмақшы. Аумақтарды өңдеуге техника, жерүсті және әуе көлігі жұмылдырылады.
Биыл ел бойынша 25 миллион гектар жерге егін егіледі деп жоспарланып отыр. Ал себілетін у мен дәрілердің адамдар мен егіске зияны жоқ.
Дамир Егізбаев, ҚР АШМ ресми өкілі:
- Қазір оңтүстік өңірлерде, әсіресе Түркістан облысы, одан кейін Батыс өңірлері, Қостанай, Ақтөбе облыстары бар. Қай өңір болмасын, егін басталмастан бұрын тексереміз. Қай жер болмасын, үйір шегірткеден қорғау жұмысын жасауға міндеттіміз. Бөліп-жармаймыз, жекенің жері ме, мемлекет жері ме деп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!