{metadescription}
Шымкентте көпқабатты тоғыз үйде не газ, не жарық жоқ
Шымкентте көпқабатты тоғыз үйде не газ, не жарық жоқ

Шымкентте көпқабатты тоғыз үйде не газ, не жарық жоқ

Шымкентте мүгедектер, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтен аз қамтылған топтарға берілген көпқабатты 9 үй қара түнекте қалды. Тұрғындар ас-суын далада қайнатып ішуге мәжбүр. Себебі; бұл баспаналарға газ да берілмеген. Жарықтың өшуіне үй құжаттары дұрыс рәсімделмегені себеп депті жауаптылар.

Енді сәуірдің соңына дейін халық қараңғыда отыруы мүмкін. Онсыз да сапасыз үйде тұрып жатырмыз дегендер бүгін бар мәселесін айтып әкімдікке барды.

Шымсити шағынауданындағы бұл баспаналар былтыр кезекте тұрғандарға беріле бастаған. Көбіне көпбалалы отбасы, мүгедектер мен жетімдерге жалдамалы пәтер ретінде үлестірілген. Бірақ газы жоқ баспанада су мен жарық  жиі сөнетін болған. Тіпті соңғы күндері тұрғындар ас-ауқатты есік алдында дайындап жүр.

Гүлнар Жантаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

- 10 үйге бір титан, үнемі жарық өшеді постоянно, осыны қосамыз да, ана жаққа апарам дегенше, бұл суып қалады. Газ келеді деп, газдың проблемасымен жүрген кезде жарық өшеді, ойына келгенін істейді. Үйіме қонақ шақырайын десем, үйге туысқандарым келейін десе, не газым жоқ, не жарық жоқ. Үйім толған мүгедек болса, мен не істеймін, қайда барам?!

Бұл жолы жарық ұзаққа дейін жанбайтын сияқты. Үйді салған мердігер тиісті құжаттардан шикілік шыққанын айтыпты. Тіпті айдың соңына дейін жанбайтынын да жеткізген.

Шайзада Рахметова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Жарық жоқ деп телефон соқтым, сіздерде дербе шот жоқ болғандықтан, жарықты 20 күнсіз қоса алмаймыз, мемлекеттік актіні туралап жатырмыз, 20 күннен соң шот ашылады, содан кейін жарық беріледі деп айтылды.

Ұзақ жылдан бері пәтер кезегінде тұрып баспаналы болғандар үйдің сапасына көңіліміз толмайды дейді. Жертөлені үнемі су басып, пәтер ішіндегі құбыр жиі жарылады. Қыс бойы салқын болған соң, қабырғалары көгеріп кеткен. Ең қиыны, мүгедектерге берілген үйлерде арбаға таңылғандар мен таяққа сүйенгендерге мүлдем жағдай жасалмаған.

Айгүл Югай, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Пандус жасалмағаннын айтып отырмын. Тым құрығанда темірден құрып берсе.  Дуалға көтеріп, ыңғайл болар еді. Түсіресің де, жаба салатын, ешкімге кедергі келтірмейтіндей.

Тұрғындардың талабына ешкім құлақ аспаған. Жиналғандар қала әкімдігіне барды. Шенеуніктер бес үйге тұрғындар 100 пайыз қоныстанған соң ғана газ беріледі дейді. Ал электр жарығын құжаттың жоқтығына қарамай, бүгін қосып берді. Қалған олқылықтың орнын «әне-міне толтырамыз» деп отыр.

Мадияр Байымбетов, Шымкент құрылыс басқармасының басшысы:

- Бір аптаның көлемінде, екі үш күн көлемінде, екі басқарма бірлесіп тиісті құжатты рәсімдейміз. Әр үйге кіріп, акті жасалады, соның негізінде ары қарай қалпына келтіреміз. Барлығын, пандусты да.

Ақаудың бәрі мердігердің мойнына жүктеледі. Тұрғындар баспананың іші-сыртындағы сапасыз тұсын жыл соңына дейін ғана жөндетуге мүмкіндігі бар. Себебі, биыл желтоқсанда мердігердің кепіл мерзімі аяқталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде