{metadescription}
Атырауда жетімдер үйінің тәрбиеленушілері тентіреп қалған
Атырауда жетімдер үйінің тәрбиеленушілері тентіреп қалған

Атырауда жетімдер үйінің тәрбиеленушілері тентіреп қалған

Атырауда баспанасыз жүрген жетімдер үйінің тәрбиеленушілері жергілікті билікке наразы. Балалар үйінен шыққан жастардың барар жер, басар тауы қалмаған. Тіпті кейбірі бірнеше күннен бері далада түнеп жүрген көрінеді. Өйткені айлық табысы пәтер жалдауға жетпейді.

Он жылдан бері баспана кезегінде тұрғанымен, соңғы уақытта өңірде жетімдерге бірде-бір үй берілмеген. Кезек күтіп шаршаған жастар енді мәселені тезірек шешуді сұрайды. Алайда атыраулық шенеуніктер бұл мәселе үкіметтік деңгейде қаралуы тиіс деп қол қусырып отыр.

Атыраудағы балалар үйінің бұрынғы тәрбиленушілері. Әке-шешесіз өскен жастар ондаған жылдар бойы үйсіз-күйсіз қаңғып жүрген. Барлығы да пана болатын пәтер сұрап талай табалдырықты тоздырыпты. Бірақ ешкім көмектеспеген. Сондықтан тапқан-таянғаны тамақ пен пәтер жалдауға кетеді екен.

Дмитрий Пераликов, Атырау қаласының тұрғыны:

- Бізде бір қыз үш бала. Соны біз ала алмай тұрмыз. Әлі қаңғып жүрміз. Жұмыс істеп жүрміз. Балалар асырап. Бізде тамаққа жетеді,коммуналдық қызметті төлеуге болды. Пәтер жалдап жатырмыз, 150 мың теңге. Көпбалалы дейді қазір. 23 жылда беріп тұр. Неге солай? Біз де адам баласымыз ғой. Біз жетімбіз.

Гүлжанат Өтеуғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

Жетімдер санатына ещқандай көңіл бөлінбейді. Көпбалалы аналар алып жатыр үйлерін. Олардың кезегі жақсы жылжып жатыр. Біз көмек сұраймыз. Әкімдерден, жоғарыдағы кісілерден, депутаттардан.

Тұрғылықты жері жоқ жетімнің бірі Александр. Төрт күннен бері әр жерге қонып жүрмін дейді. Осыған дейін пәтер жалдап келген. Тұрақты жұмыстың жоқтығынан пәтерақысын төлей алмай, далада қалыпты.

Александр Кан, Атырау қаласының тұрғыны:

Төрт күн болды, пәтерге қарыз болып кеттім. 65 мың теңге. Тұратын жерім жоқ. Төрт күн далада жүрмін. Не істейтінімді білмеймін? Сол үшін ЖКХ-ға барып жүрмін.Тоже бір мәселе. Кезек күтіңдер, болды. Дым істей алмаймыз дейді. Енді қайтеміз? Үкіметтен көмек керек. Үйсіз жүрміз.

Ал тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміндегілер бұл үкімет деңгейінде шешілетін мәселе дейді. Қазір Атырау қаласы бойынша осал топтағы 20 мыңнан астам адам үй кезегіде тұр екен. Оның мыңнан астамы жетімдер.

Рафхат Жолдиев, Атырау ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

Қазір біз жалға берілетін үй дейміз ғой, соның санын көбейту бойынша министрлікке ұсыныстар бердік. Бұл мәселе қаралып жатыр. Сондай ақ әкімдік тарапынан да жалға берілетін үй санын көбейтуді жоспарлап отырмыз.

Заң бойынша тұрғын үй кезегі арқылы берілетін баспананың 20 пайызы жетімдерге берілуге тиіс. Бірақ соңғы екі жылдан бері Атырауда осал топтағыларға  пәтер беріліп жатқан жоқ екен. Өйткені өңірде салынған  үйлердің барлығы мемлекеттік бағларламалар арқылы несиемен сатылып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде