{metadescription}
Көкшетауда құрылыс краны құлап, жүргізушісі тіл тартпай кетті
Көкшетауда құрылыс краны құлап, жүргізушісі тіл тартпай кетті

Көкшетауда құрылыс краны құлап, жүргізушісі тіл тартпай кетті

Көкшетауда құрылыс краны құлап, 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Алып құрылыс техникасы сол жердегі тұрғын үйге құлаған.

Оқыс оқиға «Салтанат» тұрғын үй кешені аумағында болды. Кранның жүргізушісі алған дене жарақатынан жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Ал техника сол жердегі тұрғын үйдің бұрышын талқандап тастаған. Жақында ғана пайдалануға берілген көпқабатты үйдің қабырғасы қазір қақырап тұр. Бастысы, апат кезінде бұл маңда ешкім болмапты. Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Десе де кран рельстен шығып кеткенін анық аңғаруға болады.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Құрылыс краны құлап, 1994 жылы туған кран жүргізуші мерт болды. Полиция аталған фактіге сәйкес «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті сақтамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән жәйі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде