{metadescription}
Семейде көпбалалы отбасы бір ажалдан аман қалды
Семейде көпбалалы отбасы бір ажалдан аман қалды

Семейде көпбалалы отбасы бір ажалдан аман қалды

Семейде көпбалалы отбасы бір ажалдан аман қалды. Бес баласы бар ерлі-зайыптылардың шаңырағының төбесі опырылып, келіншек пен екі баласын басып қалған.

Оқыс оқиға жер үйде болған. Ескі баспананың төбе жабындысы әбден шіріп кетіпті. Қонақ бөлменің төбесі опырылып, анасымен екі баласын басып қалды. Ал әкесі мен 11 жастағы қызы сыртқа шығып үлгерген. Сол сәтте тағы екі баласы сабақта болған екен. Құтқарушылар келгенше, үш жастағы баланы үйінді астынан көршісі алып шықты. Ал 41 жастағы келіншек пен оның бір жастағы сәбиін үйінді астынан төтеншеліктер шығарып алды.

Қымбат Көпбаев, Семей ТЖБ бастығының орынбасары:

- Екі бала Семей қаласының облыстық ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Асфиксия диагнозымен. Ал анасы травматология бөлімінде жатыр. Құтқаруға үш техника және 11 адам қатысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде