{metadescription}
Алматы облысының тұрғындары зират жанынан зауыт салынып жатқанына наразы
Алматы облысының тұрғындары зират жанынан зауыт салынып жатқанына наразы

Алматы облысының тұрғындары зират жанынан зауыт салынып жатқанына наразы

Алматы облысының тұрғындары дәл зират жанынан зауыт салып жатқан құрылыс компаниясына наразы. Күндіз-түні жұмыс істейтін ауыр техниканың кесірінен молаларға зақым келіп жатыр. Кейбірі опырылып, енді бірі құлап қалған. Құрылыс компаниясы молаға кірер жалғыз жолды да жауып тастапты.

Жақыны жерленген жеріне келген сайын Көксай ауылы тұрғындарының көңілі алақұйын болады. Өйткені мүрделердің тура жанындағы жердің иесі аяқ-асты табылып, демде алып зауыттың құрылысы басталып кетіпті. Күндіз-түні жұмыс істейтін техника кесірінен зираттың астаң-кестеңі шықты дейді жұрт. 

Елена Брюзгина, Алматы облысының тұрғыны:

- Зираттың ішін өзіміз түгел ретке келтірдік. Әйшәй жоқ, соңында жердің иелері пайда бола қалды. Мүрделердің жаны қалай жекеге өтуі мүмкін? Үлкен техникалардың жұмысынан мүрделер опырылып жердің астына кетіп жатыр. Иә, бұл жерде қайтыс болған адамдар жатыр. Бірақ, олар біздің жақындарымыз ғой.

Жұрттың расында да алаңдайтын жөні бар. Құрылыс пен зираттың арасы бірнеше ғана метр. Компания мұнымен тоқтамай, бейітке кірер жалғыз жолды да жауып тастапты.

Алексей Павленко, Алматы облысының тұрғыны:

Зиратқа кіру, адамдарды жерлеу қиындап кетті. Кішкентай ғана тесікке ешкім сыймайды. Тілсіз жау қылаң берсе, өрт сөндіру көліктері кіре алмайды. Қоршаудың кесірінен полицейлер де қарауылдай алмай жүр. Ақыры неше түрлі нашақор, маскүнемдер жиі жиналады.

Әкімдіктегілер жер иесінің қолында зауыттың құрылысын бастауға құжаты бар деп отыр. Бірақ санитарлық талаптардың сақталмағанын растады. Яғни құрылыс жұмысы зираттан 300 метр қашықтықта жүргізілуге тиіс.

Амантай Терлікбаев, Іргелі ауылы округі әкімінің орынбасары:

- «Аван құрылыс» компаниясы ғой деймін.

- Немен айналысады?

- Білмедім ол жағын. Әлі салынып біткен жоқ. Қараңыз, мынау жер, қоршау жеке компаниянікі. Қазір ашып беремін дейді. Қоқыстарын жинап, жауапты адамды қойсын дейді. Өйткені өрт қауіпсіздік шараларын сақтасын дегендей.

Жан-жағын жайпап зауыт салып жатқан құрылыс компаниясына  әкімдік еш шара қолдана алмайды деген сыңай танытты. Ал тұрғындар егер құрылыс компаниясы жолды ашпай, әлі де жұмысын жалғасытарытын болса, сотқа жүгінеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде