{metadescription}
Шымкентте автогаз іздеген жүргізушілер сағаттап кезекте тұр
Шымкентте автогаз іздеген жүргізушілер сағаттап кезекте тұр

Шымкентте автогаз іздеген жүргізушілер сағаттап кезекте тұр

Шымкентте енді автогаз тапшылығы сезіле бастады. Көгілдір отын іздеп шарқ ұрған жүргізушілер сағаттап кезек күтуде. Бірақ оның өзі шектеумен беріледі. Ал көлігіне көбірек автогаз құйғысы келетіндер әркімнің мұртын майлап әлек.

Дәурен Шәкіржанұлы, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Таңғы сағат 7-де келсең де, ұзын-сонар кезекке тап боласың. Екі сағаттап күтесің. Алыс жолға шығып барам, 2 мың теңгеге құй десең, ауызбастырық сұрайды. Екі мыңға құю үшін мың теңге бересің, жолдан қалмау үшін. Бермесең, сағат 11-ден кейін таппайсың.

Газ құю станциялары әр көлікке тек мың теңгеге көгілдір отын құйып беруде. Оның өзі таңғы уақытта дейді жүргізушілер. Одан кешіккендер жолда қалады. Шымкентте 224 автогаз құю стансасы бар. Соның 75-інде газ қоры жеткілікті дейді жергілікті билік. Сондықтан газ «шектеумен беріледі деу – орынсыз» деген пікірде. Шенеуніктер тапшылықты Шымкент мұнай өңдеу зауытының күрделі жөндеуден өтіп жатқанымен түсіндірді. Бірақ ертеңнен қалмай жағдай тұрақталады деп сендірді.

Ілияс Есжанов, Шымкент энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас маманы:

- Біз болжадық, бірақ халық көп қолданып кетті. Біздің ойымызша, басқа қалалардан кеп құйып кетті. Бізде үлкен қала, үлкен мекен, шекара жақын болғаннан кейін көлік көп өтеді. Тұтыну көбейіп кетті. Әр вагон 36 тонннадан, тіпті 12 вагон келе жатыр «Теңіз шевройлдан». Ертеңнен бастап қолданысқа шығады деп ойлаймын. Ертеңнен бастаса, 8 сәуірде ешқандай тапшылық болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде