{metadescription}
Жанармай тапшылығын қолдан жасағандар жауапқа тартылады
Жанармай тапшылығын қолдан жасағандар жауапқа тартылады

Жанармай тапшылығын қолдан жасағандар жауапқа тартылады

Жанармай тапшылығын қолдан жасағандар жауапқа тартылады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұндай заңсыз әрекеттер заңмен қудаланатынын еске салды.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында компания табысының 5 пайызына дейін айыппұл салу көзделген. Ведомство күн сайын жанармай құю станцияларында және сақтау базаларында мұнай өнімдерінің кедергісіз сатылуын қадағалап отырмыз дейді.

Нұржан Сәдірбай, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы:

- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің арнайы мониторинг тобы бар. Яғни әр аймақта біз осындай жайт болмас үшін адамдарды жіберіп тексеріп жатырмыз. Тағы бір айта кететін жайт, бүгінгі күні агенттік тарапынан Call орталықтар ашылған. Бүкіл аймақта. Егер азаматтар  қандай да бір шектеуді кездестіретін болса, міндетті түрде біздің сайтымыздан, әлеуметтік желіден өзінің аймағындағы орталыққа хабарлассын. Ол жерде телефон да, мекенжайы да, жауапты адамның аты-жөні де жазылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде