{metadescription}
Ауыл округтерінде де кеңес жасақталуы мүмкін
Ауыл округтерінде де кеңес жасақталуы мүмкін

Ауыл округтерінде де кеңес жасақталуы мүмкін

Әкімдер мен мәслихаттардан бөлек, бұдан былай ауылдық округтерде кеңес жасақталуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын әзірлеуді 2021 жылы президент ұлттық экономика министрлігіне жүктеген болатын. Араға екі жыл салып, ведомство құжаттың жобасын бүгін Мәжіліске алып келді.

Заң бойынша, мұндай кеңес тұрғындарға жергілікті бюджеттің жұмсалуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Кеңес төрағасы кеңес мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы сайлануы және осы лауазымда тұрақты, яғни ауыл бюджеті есебінен төлену ұсынылады. Жергілікті өзінөзі басқару ұйымының тиімділігін арттыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары мен ауыл әкімдерінің дербестігін кеңейту талап етіледі.

Кеңес өзге де құжаттарды, оның ішінде жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларын, абаттандандыру ережелерін, әкім аппараты азаматтарға көрсете алатын ақылы қызметті, көше саудасы, мерекелік іс-шара өткізу орындарын бекітуге құқылы.        

Дегенмен құжаттың бір қайнауы ішінде дейді мәжілістің экономикалық реформа комитетінің депутаттары. Біріншіден,ауыл әкімі мен кеңестің нақты міндеттері ашық көрсетілмеген. Екіншіден, екі құрылымның бір-бірімен қарым-қатынасы нақты айтылмаған. Бұл кейін өзара келіспеушілікке әкеліп соғуы мүмкін дейді мәжілісмендер. Осылайша, бақандай екі жыл бойы дайындалған заң жобасын депутаттар іске алғысыз қылып тастады. Жиын соңында арнайы жұмыс тобы құрылып, айтылған ұсыныстар бойынша құжат қайта әзірленетін болды.

Мұрат Әбенов, мәжіліс депутаты:

- Бұнда үлкен қауіп бар. Біз кеңесті күшейтіп, кеңес деген әр елдімекен ерекшелігі ғой. Ол жерде үлкен кеңесті сайлап қойып, ертең әкімнің жұмысына, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен түскен қаржыға бақылауды кеңеске беріп отырсыз. Ол жерде анық емес, екеуінің қарым-қатынасы. Қағаз жазғанның өзінде жергілікті өзін-өзі басқару билігі. Екі түрлі билік бар. Әкім атқарушы билік. Оның деңгейін түсірмеуіміз керек. Бұл өкілетті билік. Бұл жазылмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде