{metadescription}
Жүргізуші куәлігі қалай беріледі, сынақ мерзімі керек пе?
Жүргізуші куәлігі қалай беріледі, сынақ мерзімі керек пе?

Жүргізуші куәлігі қалай беріледі, сынақ мерзімі керек пе?

Жүргізуші куәлігі қалай беріледі, сынақ мерзімі керек пе? Қоғам ішіндегі пікір екіге жарылып тұр. Өйткені көлік жүргізуші куәлігін алғанша, сынақ мерзімі енгізіледі деген ұсыныстың әлі жай-жапсары белгісіз.

Енгізілген күнде оның жол апатын азайтуға, жол ережесін қатаң сақтауға әсері қандай болмақ?

Жүргізуші куәлігі берілгенге дейін сынақ мерзімі енгізіледі деген ақпарат шыққалы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Осындай өзгеріс боп қалуы мүмкін деп министрлік жариялағанымен, нақты механизмі әлі белгісіз. Бұл негізі жүргізушінің тәжірибесін нақтылайтын санат. Өйткені біздің елде бала 18-ге толысымен куәлік алу құдды міндет немесе мәртебе боп кеткелі қашан.

Эдуард Эдоков, Тәуелсіз автомобилистер одағының төрағасы:

- Мысалы, АҚШ-та сенің жүргізуші куәлігіңдегі санатың шәкірт деңгейі болса, онда қасыңда толыққанды куәлігі бар адам отыруы тиіс. Мұндай санатпен түнде көлік тізгіндеуге болмайды.

Қазір қала, тіпті аудандық деңгейде де арнайы жүргізушілер дайындайтын автомектептер көп. Алайда соның өзінде оқымай-ақ, куәлікті сатып алудың небір жолы бар. Біраз адамның уақытын жоғалтқысы жоқ. Мысалы, Астанада 70 шақты автомектеп бар. Онда теориялық сабақты инструкторлардан немесе онлайн да алуға болады. Сынақ мерзімі енгізілсе мұндағының қарсылығы жоқ.

Жанарбек Кәдіржанұлы, инструктор:

- Кеңес үкіметінде, мысалы бірінші рет куәлік алған оқушыларға шектеу қойылатын. Алпыс километр сағатына, тоқсан километр сағатына аспау деген. Солай жүріп үйрену керек. Тәжірибе алу керек деп ойлаймын. Көлік апаты неден болып жатыр? Ол тәжірибе болмағандықтан. Және көбі телефонда отырады, жылдамдықты асырады.

Сұлтан Хайнетов:

- Жасым 18-де. Осында оқып жүргеніме екі жарым ай болды. Теориялық та, жүргізушімен де сабақ алдым. Үлкен қалада көлік жүргізу деген үлкен жауапкершілік. Сондықтан мұндай тәртіп болғаны дұрыс шығар. Бірақ өте алмай қалған адамға қандай шара қолданылады? Соны біліп алу керек.

Емтихандағы 40 сұрақтың 33-іне жауап беріп куәлікке ие болатындар да бірден көлік жүргізіп кетуге дайын болмайды. Мұны он жылдан артық жеке инструктор боп жүрген Табиғат мырза жақсы біледі. Арнайы жерде оқып келсе де, жеке сабақ алатын адамдар көп. Бағасы қымбатырақ болса да жүгінеді. Себебі, рөлге отырғанда сенімділік болмаса, оқығаның да, сынақ мерзімінен өткенің де бекер дейді ол.

Табиғат Арапатұлы, инструктор:

Жүргізуші куәлігін алғанға дейінгі керегі де бар шығар, керегі де жоқ шығар. Одан ештеңе өзгере қоймайды деп ойлаймын. Өйткені көлікті жүргізетін кісі өзіне керек болғаннан кейін, қажеттіліг үшін уақыт болса да, болмаса да практикаға дағдыланып дайындалады. Бір ай болсын, екі ай болсын. Адам өзіне сенімді болмай тұрып, көлікке отырып кетпейді ғой.

Астана қаласындағы автомектептерде көлік жүргізу сабағы сағатына 6000 мен 8000 теңге арасында. Уақыты үйренушінің талабына байланысты. Ал сынақ мерзімі енсе, сол уақытта адамның көлік жүргізу қабілетінің сыналуын нақты қарастырып барып ұсынысты енгізгені жөн дейді мамандар. Оның үстіне қазір куәлікте адамының механика немсе автомат көлік тізгіндей алатыны нақты жазылатын болған.

Статистикаға сәйкес, жол апаттарының 75 пайызы қала ішінде болады. Оған жылдамдықты шамадан тыс арттыру, жаяу жүргіншіге жол бермеу сияқты факторлар себеп. Бірақ инструкторлардың айтуынша, жол апатының көбейуі елімізде сынақ мерзімінің жоқтығынан емес. Ол жүргізушінің мәдениетсіздігі мен жауапсыздығынан. Ал әзірге сынақ мерзімінде жүрген адамның көлік жүргізуі қалай қадағаланатыны белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде