Ойыл ауданына тасқыннан 31 миллион шығын келген
Ақтөбе облысындағы тасқыннан Ойыл ауданына 31 миллион теңге шығын келген. Енді жергілікті билік бір ай ішінде баспанасы бүлінген халыққа осы ақшаны толық төлеп беруге тиіс.
Автор: Жаңалық Ахаш
06.04.2023
Ойыл өзені арнасынан тасығанда Қаратал ауылындағы 11 үйді су басып, 12 аула бірнеше апта көлкіген суда тұрды. Сол кезде құрылған комиссия жұмысын толық аяқтады. Бағалаушылар үйлерді аралап, ылғалдан бүлінген дүние-мүлікті қарап, шығынды есептеген. Енді аудан басшылары 31 миллионды қазынадан бөліп, ақшаны баспанасы бүлінгендерге таратпақшы. Қобда ауданында комиссия шығын көлемін әлі есептеп жатыр. Онда су астында қалған үйлер саны сексенге жуықтайды. Бірақ Ойыл мен Қобда аудандарында тасқынға қатысты жарияланған төтенше жағдай әлі алынған жоқ.
Асқар Қазыбаев, Ойыл ауданының әкімі:
- Арнайы комиссия жұмыс жасап, сол тұрғын үйлерді анықтап, су кірген, зардап шеккен тұрғындардың үйіне келтірген зардап шығыны есептеліп, қазір оның құны 31 миллионды құрап тұр. Оны біз бүгінгі таңда аудандық бюджеттен бір ай мерзім ішінде төлеуге тырысып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!