{metadescription}
Қарағанды: Үміткерде жылқы қырылып, карантин жарияланды
Қарағанды: Үміткерде жылқы қырылып, карантин жарияланды

Қарағанды: Үміткерде жылқы қырылып, карантин жарияланды

Қарағанды облысындағы Үміткер ауылында жаппай жылқы қырылып жатыр. Зертхана қорытындысы жылқылар эпизоотия лимфангитіне шалдыққанын анықтаған. Бүгіннен бастап ауылда карантин жарияланды.

Лимфангит немесе африкалық сап деп аталатын қауіпті кесел тек жұмыр тұяқты жануарларға жұғады. Үміткер ауылындағы жылқылардың денесін ірің жайлап, жүріп-тұрудан қалғаны ақпан айында біліне бастаған. Содан бері 9 бас арам қатыпты. Ауру дендеп кеткен тағы 15 жылқы оқшауланған. Карантинде қора-қопсыны залалсыздандырды. Ауру жұқтырған малдар өртелінеді. Оның нарық құны бюджет есебінен өтеледі. Өрістегі мыңнан аса жылқы да тексеріледі. Карантин кезінде ауылдан жылқы өнімі шығарылмайды. Аталған шектеу шарасы ұзаққа созылғалы тұр. Карантин соңғы ауру малдың көзі жойылған соң, үш айдан соң алынады.

Данияр Мерғазин, ҚР АШМ ветеринария бақылау комитетінің Қарағанды облысы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

Бұл өзі созылмалы ауру, әрі қарай да анықтала беруі мүмкін, уақыт өте келе малдың қоңына қарай. Ауру жануарлармен жанасқан малдар сыртқа жайылымға жіберілмейді. Олар белгілі бір аумақта жеке ұсталынады. Басқа малдарға қосылмауы керек. Карантин қойылғаннан кейін бұл қатаң бақылауда болады, жергілікті ветинспекторлар тарапынан, сосын мал иелеріне малды оқшаулап ұстау жөнінде нұсқау беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде