{metadescription}
ШҚО: Қатерлі ісікке шалдыққан бүлдіршінге шұғыл көмек қажет
ШҚО: Қатерлі ісікке шалдыққан бүлдіршінге шұғыл көмек қажет

ШҚО: Қатерлі ісікке шалдыққан бүлдіршінге шұғыл көмек қажет

Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікке шалдыққан бүлдіршінге шұғыл көмек қажет. Швейцариялық дәрігерлерден ем-дом қабылдап жүрген бөбектің құлан-таза айығып кетуіне қаражат жетпей жатыр.

Екі жасар Матвейдің қатерлі ісікке шалдыққанын дәрігерлер бір жыл бұрын анықтаған. Бірнеше мәрте тексерістен өткен балаға көз обыры деген диагноз қойылыпты. Артынша аты жаман ауру асқынып, бөбектің қос жанарына әсер еткен. Енді оны швейцариялық дәрігерлер емдейміз деп кепілдік беріп отыр. Тіпті олар химиотерапия курсынан өткізіп, ісіктің асқынуын тоқтатқан екен. Бірақ ем-домды жалғастыруға 22 миллион теңге қажет. Баланың ата-анасы жомарт жандардың көмегіне зәру.

Марина Дягилева, М. Машкиннің анасы: 87055279528

- Бізге қажет соманы жинауға көмектесіңіздерші. Емдомды толық  аяқтауымыз керек. Бұл Матвейдің өміріне аса маңызды. Сонда баламыз отбасымен қоса, бүкіл әлемді көре алатын болады.

Марина Дягилева, анасы: 87055279528

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.