{metadescription}
Жигули Дайрабаевтың ұлдары қазына қаражатын жымқырған
Жигули Дайрабаевтың ұлдары қазына қаражатын жымқырған

Жигули Дайрабаевтың ұлдары қазына қаражатын жымқырған

Таразда қазына қаражатын жымқырды деп айыпталған Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары мен үш кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты.

Сотталғандардың арасында Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі баласы бар. Сыбайластар «ерекше тұқымды құлпынай көшеттерін егеміз» деп, мемлекеттен қыруар субсидия алған.

Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі:

- Сыбайластар субсидиялау қағидаларын бұза отырып, сатып алынған "Альбион" құлпынай көшеттері үшін мемлекеттік субсидия алған, оның бір бөлігі алаяқтық жолмен ұрланып, жеке қажеттігіне жұмсалған, осылайша мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде залал келтірген.

Ұйымдасқан топ субсидияның бір бөлігін, яғни жарты миллиард теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен қалтаға басыпты. Ым-жымы бір азаматтардың заңсыз іс-әрекеті нақты айғақтармен дәлелденген. Осылайша экс-шенеунік алты жылға, бір кәсіпкер бес жылға түрмеге тоғытылып отыр.

Ал халық қалаулысы Жигули Дайрабаевтың ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалықұлының мүлкі тәркіленіп, бес жылдан шартты мерзімге сотталды. Үкім шығарда бұлардың бұрын істі болмағаны және кішкентай балалары бары ескерілген. Дегенмен төрт сотталушы да кінәсін мойындаған жоқ. Мәжілісмен ұлдарының істі болуына қатысты түсініктеме бермеді. Парламенттегі "Ауыл" партиясы фракциясының басшысы да оған тілшілердің көзінше телефон соғып байланыса алмады. Дегенмен Анас Баққаожаев әріптесіне шаң жуытқан жоқ.

Анас Баққожаев, Мәжіліс депутаты, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі:

- Ересек азаматтар. Қоғам алдында да, заң алдында да, өздері жауап беруге міндетті деп есептейміз. Жеке Жигули Дайрабаевтің өзіне қатысты ешқандай іс жоқ. Бұған өзінің тікелей қатысы жоқ. Ол абыройы бар, ары таза, біздің партиямыздың фронтмені.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде