{metadescription}
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденге қарсы петиция жарияланды
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденге қарсы петиция жарияланды

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденге қарсы петиция жарияланды

«Ауыл» партиясының тағы бір мүшесі мандатынан айырылуы мүмкін. Қазір Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденге қарсы петиция жарияланып қол жиналып жатыр. Қоғам белсенділері халық қалаулысын парламенттен қууды талап етуде.

Оларға маза бермей жүрген Қарақат Әбденннің шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына қомақты салық салу идеясы екен. Депутаттың өзі бұған қатысты сұхбат беруге асықпады. Тек президент сайлауы кезінде бағдарламасында болғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба қалдырыпты.

Қарақат Әбден, Мәжіліс депутаты:

- Сайлау науқаны кезінде бұл бастама ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, патриотизмді нығайтуға бағытталған шара ретінде ұсынылды. Депутаттық қызметім барысында да бастамаларым жалғасын таппақ. Бірақ жанжақты қарастырылмаған ұсыныстар Мәжіліс төрінде менің тарапымнан көтерілмейді. Депутат көтеретін кез келген бастама ғылыми сарапатамаға және әлеуметтік зерттеулерге сүйену керек.

Қарағат Әбденнің өзі кезінде жан-жақты зерттелмей айтыла салған ұсынысынан бас тартқан секілді. Сайлаушыларға барын түсіндіріп, екі тілде ұзақ жазба қалдырыпты. Ал белсенділер «әйел құқығын кемсітті, жыныстық және ұлттық негіздер бойынша конституциялық емес нормаларды ілгерлету ниетін растады» деп кінәлап жатыр.

Қарақат Әбден сегізінші шақырылымға «Ауыл» партиясының атынан депутат болып сайланған. Алайда оның бұл ұсынысын партияластары да мүлде қолдамайтынын ашық айтуда.

Анас Баққожаев, Мәжіліс депутаты, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі:

- Әр депутаттың өзінің жеке пікірі бар. Сонымен қатар бұл Қарақат Әбденнің президент сайлауына қатысқан кезінде айтылған сөзі. Фракцияның позициясы бір бөлек, депутаттың позициясы бір бөлек. Депутат бір адам, фракция көп. Сондықтан фракцияда бұл мәселе қарастырылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде