{metadescription}
Алматы әуежайындағы коммерциялық нысандар мемлекетке қайтарылды
Алматы әуежайындағы коммерциялық нысандар мемлекетке қайтарылды

Алматы әуежайындағы коммерциялық нысандар мемлекетке қайтарылды

Алматы халықаралық әуежайындағы коммерциялық нысандар мемлекет меншігіне қайтарылды. Статегиялық нысан ішіндегі мың шаршы метрден астам аумақтағы сауда алаңын жеке тұлғалар заңсыз иемденіп келген. Оны Бас көлік прокуратурасы анықтаған. Құзырлы орган сотқа жүгініп, мемлекеттік активтерді кері қайтарды.

Бас көлік прокуратурасы:

- Әкімдікке осы объектілерге меншік құқығын қайтару үшін авиациялық көлік прокуратурасы Түрксіб ауданы сотына жауапкер А. Бақтиярқызына жалпы ауданы 1 118,5 ш.м. жолаушылар терминалының коммерциялық үйжайын иеліктен шығаруға байланысты барлық мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Соттың 29.12.2022 жылғы шешімімен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот актісі 13 наурызда күшіне енді.

2003 жылы «Имсталькон» компаниясы Алматы халықаралық әуежайында жолаушылар терминалын салған. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңартылған терминалдағы сауда алаңдарының бір бөлігі мердігерге шарт бойынша 333 млн теңге мөлшерінде қалған соманы өтеу есебінде өткен. Алайда Бас көлік прокуратурасы құрылыс компаниясы алдында әкімдіктің ешқандай берешегі болмағанын анықтап, меншік құқығын сот арқылы мемлекетке қайтарды. Терминалдың ішіндегі коммерциялық нысандарды жалға алып, дүкен, дәмхана, кофехана ашып қойған кәсіпкерлер жұмысын ары қарай жалғастыра ма, ол жағы әзірге белгісіз. Әуежайдың президенті ат шаптырым аумақты әкімдіктен сатып алуға дайын. Альп Ер Тұңға Ерсой сауда алаңдары әуежай иелегіне өтсе, стратегиялық нысандағы аспандаған ас-судың бағасын реттеймін деп сендірді.

Альп Ер Тұңға Ерсой, Алматы халықаралық әуежайының президенті:

- Әуежай ішіндегі нысандарды бізге берсе, оны қуана аламыз. Себебі: терминал аумағындағы алаңдар әуежайға тиесілі болу керек. Әкімдіктің шешімін күтеміз. Шыны керек, біз жекеменшік дәмхана мен дүкендердің бағасына араласа алмаймыз. Егер терминалдағы коммерциялық нысандарды сатып алсақ, кәсіпкерлерге сөзіміз жүретін еді. Сол кезде бағаны да ретке келтіретін едік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде