{metadescription}
Елордада тұтас бір ықшамауданда не мектеп, не балабақша жоқ
Елордада тұтас бір ықшамауданда не мектеп, не балабақша жоқ

Елордада тұтас бір ықшамауданда не мектеп, не балабақша жоқ

Елордада тұтас бір ықшамаудан халқы жақын маңда мектеп пен балабақшаның жоқтығына наразы. Айтуларынша, тапшылық салдарынан балаларын қысы-жазы қаланың бір шетінен екінші шетіне тасып қиналып жүр.

Комфорт санатындағы үйді алғанда құрылыс компаниясы мектеп те, балабақша да болады деп уәде еткен екен. Бірақ он мың адамның тұрып жатқанына екі жылдан асты. Ал уәде сол күйі қалған.

Бір көшені алып тұрған 12 блоктан тұратын комфорт санатындағы тұрғын үй кешеніне тұрғындардың көшіп келгеніне екі жылдан асып кетті. Айтуларынша, құрылысшылар бұл кешен маңайында тұрғындардың ыңғайлылылығы үшін балабақша мен мектеп болады деп қуантқан. Уәдеге сенген 10 мыңнан аса тұрғын бұл жерге еш ойланбастан қоныс аударған. Алайда әлі күнге дейін білім ордасы мен балабақша бой көтермеді.

«Сәтті қала» деп аталатын кешеннен үй алғандар сәтсіздіктен көз ашпай келеміз дейді. Мұнда ғаламтор жоқтың қасы, ал демалыста тұрғындар ыстық сусыз амалдауға әлек. Хош, бұқараның бұл жолғы базынасы маңайдағы алып аумаққа мектеп те, балабақша да емес, басқа нысанның салынуына байланысты.

Шіркеу болады дегенге тіпті қарсымыз. Өйткені бізге кергі тек мектеп пен балабақша.

- Бас жоспар бойынша бұл шіркеудің орнына балабақша болуы керек. Ол қалай өзгеріп тұр? Кім өзгертті?

Ашынған ата-аналардың бірі жақын маңда мемлекеттік балабақшаның жоқтығына шағымданса, енді бірі тіркеу бойынша аудандағы екі бірдей мектеп балаларын қабылдамай жатқанына наразы.

Айнұр Ақыбай, Астана қаласының тұрғыны:

- 71,78-ші мектепке хабарласқанбыз. Орын жоқ деп айтқан. Одан кейін Бином деген мектепке де хабарластық. Онда да орын жоқ. Амалсыздан бұрынғы Кеңесары деген жаққа тасып жүрдік. Әлі тасимыз, міне мамыр болды. Оңай емес, таксимен барып келудің өзі қымбат.

Тұрғын үй кешендері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап бой көтеріп жатыр. Бас қалаға ағылып қоныс аударып жатқандардың саны да күн санап артуда. Сәт сайын кеңейіп жатқан елордада бұл мәселе әлі 10-15 жылдай жыр болады дейді урбанист мамандар. Бүгінде елордада 26 мыңнан аса оқушыға орын жоқ. Дені тар сыныпта білім алып келеді. Ірі мегаполиске 160-тан аса мектеп пен 450-ден астам балабақша әсте аздық етеді. Қалалық білім басқармасы бұған ішкі көші-қонның реттелмеуі себеп деп ақталды.

Асыл Амангелдиева, Астана білім басқармасының бөлім басшысы:

- Көшіқон ағымына байланысты, елорда болғандықтан, халықтың көп келуіне байланысты мектеп тапшы. Осы оқу жылында сегіз мектеп үш ауысыммен оқыды. 18 мектепте оқушылар саны шамадан асты. Биылғы оқу жылында 11 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Тағы 24 мектеп салынады.

Аталған мәселе бір емес, бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатыр. Осыған дейінгі білім министрлігі де, қазіргі оқу-ағарту министрлігі де жағдайдан хабардар. Алайда одан мәселе шешіліп жатқан жоқ. Салдарынан ата-аналар мен балалары әуре-сарсаңға түсіп келеді. Жақын маңайда білім іздегендерге екі-үш жылда мектеп салынбайынша, басқа ауданға барып қатынауға тура келеді. Ал ол нысан бой көтергенше кезек те толыға бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.