{metadescription}
«Оператор РОП» басшыларына қатысты сот 17 сәуірге белгіленді
«Оператор РОП» басшыларына қатысты сот 17 сәуірге белгіленді

«Оператор РОП» басшыларына қатысты сот 17 сәуірге белгіленді

Атышулы «Оператор РОП» компаниясының басшыларына қатысты сот 17 сәуірге белгіленді. Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында өткен алдын ала сот отырысында судья айыпталушылардың адвокаттарының өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Олар осыған дейін қылмыстық істі қайта тергеу үшін прокурорға құжаттарды кері қайтаруды сұраған болатын.

Шолпан Сәрсенова, күдікті Рустам Темірбектің адвокаты:

- Біз істі прокурорға жіберуді сұрадық. Себебі осы іс бойынша көптеген заң бұзылған. Бізге бастапқыда материалмен танысу процесінде кедергі көп болды, қылмыстық істің барлық материалдарымен. Тергеушілер құжатпен танысу процесін тиісті түрде ұйымдастырған жоқ. Нәтижесінде қылмыстық іс сотқа келіп түсті, бұл ретте барлық төрт сотталушының ешқайсысы істің материалдарымен заттай дәлелдемелерімен де толық танысқан жоқ.

Айып тағылғандар қатарында экология, геология және табиғи ресурстар министрірің бұрынғы орынбасары Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек пен экс-бас директор Светлана Коротенко бар. Барлығына да утилизациялық алымнан түскен миллиардтаған қаржыны қолды қылды деген айып тағылып отыр. Бұл ретте "Оператор РОП" басшылығы шенеуніктермен "ауыз жаласқан". Сыбайластар, миллиардтарды қалтаға басумен шектелмей, заңсыз түскен ақшаға зауыт салып, электр энергиясын мемлекетке қалаған бағамен сатуды да жоспарлапты. Ал бұл жымысқы істе экология министрлігіндегі лауазымды шенеуніктер қол ұшын беретін болып келіскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде