{metadescription}
Шымкенттегі автобус апатының жай-жапсары
Шымкенттегі автобус апатының жай-жапсары

Шымкенттегі автобус апатының жай-жапсары

Шымкентте автобус астында жаншылып тірі қалған жалғыз қыздың жағдайы ауыр. Ал қаза тапқан бес адам бүгін жер қойнына тапсырылды. Оқыс жағдайдан марқұм болғандардың арасында 43 жастағы жалғызбасты ана бар. Әзизаның артында бес баласы қалды.

Бір күнге анасының орнына сатушы боп шыққан оқушы қыз бен құрбысы да автобус астында көз жұмды. Полиция қазір Shymkent bus компаниясын жолаушылар тасымалдау лицензиясынан айыру туралы мәселесін көтеріп жатыр.

Автобус астында қалып, №1 клиникалық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген Дариға Сейдуәлиеваның жағдайы бүгін тұрақталды. Миы шайқалып, аяқ-қолынан жарақат алған 18 жасар қызға дәрігерлер қосымша ота қажет етпейтінін айтады. Ал екі күннен бері аурухана алдында жүрген анасы үйдегі алты баланы осы тұңғышым асырап отыр еді деп жылайды.

Мәдина Сейдәлиева, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Пәтеріміз, комуналдық төлем, азықтүлік бәрі осы қыздың мойнында болатын. Мен өзім бір бүйрекпен, жұмысқа жарамаймын. Оған қоса сегіз айлық бөпеммен. Алты баланы осы қыз асырайды. Жұмыс істейді, ақша табады. Автобус иесіне өкпем бар, жауап берсін. Менің қызым әлі қаншама емі бар, басы шайқалған, енді оған кім жауап береді?

Дариға мен оның жанында болған тағы бес адам жұмыстан шығып, өз жолымен келе жатқан оларды жүгенсіз автобус жаншып өткен. Төртеуі сол жерде жантәсілім етсе, 17 жастағы оқушы қыз кеше балалар ауруханасында есін жимастан көз жұмды. Жүздеген метр қарсы бағытпен жүріп, адамдарды қағып өткен ауыр техника темір шарбақтарды қиратып, тұрғын үйлерден санаулы метр жерде тоқтаған. Ал көз жұмғандармен бірге бір сауда үйінде істейтіндер ақша жинауға кірісіп, марқұмдардың жақындарына көмектеспекші.

Айдана Рахымбаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Бірінші, ол біздің Әзиза деген әпкеміз, сатушы боп істейтін. Артында бес балашағасы қалды. Осы қалада жалдамалы пәтерде тұратын, күйеуі жоқ. Бес балашағасы өзі қалды. Екінші, Азатхан, Айзада деп айтамыз, ол қыздың мүгедек анасы бар, сол қыз жалғыз асыраушысы еді. Енді мамасы жалғыз қалды. Ол да жалдамалы пәтерде, осы қалада тұратын. Ол кісінің кеше жаназасына барған едік, үйі жоқ екен. Бір туысының үйінен шығарды. Нақты белгісіз оның балаларына кім қамқор болатыны белгісіз.

Осы оқиғадан кейін қаладағы бүкіл автобус жүргізушілері қайта аттестациядан өтетін болды. 21-ші бағыттағы жолаушылар тасымалдаушы автопарктің өкілдері автобус техникалық талаптарға сай дейді.  Бес адамның өмірін жалмаған апат жүргізушінің селқостығынан дегенді алға тартады.

Азат Қайыпбеков, Shymkent bus тасымалдаушы компанияның директоры:

- Мен дәретке барып келсем бола ма деп, есігін сырттан құлыптап, автобусты өшірмей, тежегішке қойғанын нақты байқмай, автобустан түсіп кеткен. Біз автобустың ішіндегі видеобейнелерді көрдік. Автобус сол жерде шамамен 30-40 секунд қозғалмай тұрған. Бірақ белгісіз себептермен автобус 30-40 секундтан кейін жәймен астына дөңге түсе бастаған.

Автобус жүргізушісі болып былтыр ғана жұмысқа кірген 49 жастағы азамат бірден қамауға алынды. Бір баппен қылмыстық іс қозғаған полицейлер тасымалдаушы компанияның өзіне де шүйлігіп отыр. Тіпті тасымалдау құқынан айыру бойынша мәселе көтерілді.

Нұрдәулет Сүйеубеков, Шымкент ПД анықтау басқармасының бастығы:

- Сараптамалар тағайындалды, автобус жүргізушісі қамауда. Және бізбен Шымкент әкімдігіне «Шымкентбус» фирмасының жолаушылар тасымалдау лицензиясынан айыру туралы ұсыныс жолданды.

Тасымалдаушы компанияның лицензиясынан айыру-айырмау туралы шешімді қала әкімдігі бір айдың көлемінде шығаруы тиіс. Қазір қалада автобустарды тексеру басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде