{metadescription}
Арбузинкада қайтыс болған жерлестерін қайықпен тасып жүр
Арбузинкада қайтыс болған жерлестерін қайықпен тасып жүр

Арбузинкада қайтыс болған жерлестерін қайықпен тасып жүр

Ақмола облысында Сарқырама өзені тасып, Арбузинка ауылының жолын шайып кетті.  Сыртқа шыға алмай қалған 200-дей тұрғын о дүниелік болған жерлестерін ақтық сапарға қайықпен аттандыруға мәжбүр.

Мәйітті арғы бетте қалған зиратқа жеткізу үшін ескекті қайыққа салып жібергенімен, көпшілігі сыртта жанын шүберекке түйіп тұр. Өйткені қалт-құлт еткен ескі қайық қырық жамау. Сарқырама өзені жанай өтетін Арбузинка ауылының тұрғындары  жыл сайын көктемде көретін күніміз осы деп отыр. Бір аптадан бері 30 оқушы да көрші ауылдағы мектепке жете алмаған. Мұнда медицина пункті де жоқ. Сандықтау ауданының шенділері қолдан келер қайран жоқ, 200 метрге жететін көпір салуға кемінде 1 жарым миллиард теңге қажет дейді. Сондықтан, күн жылынып, су ағып кеткенін күткеннен басқа амал жоқ.

Әсет Жанғожин, Сандықтау ауданы ТЖБ бастығы:

- Арбузинка ауылы биік жерде тұрғандықтан, үйлерге су кірген жоқ. Сарқырама өзеніндегі мұз еріген кезде жылда осындай жағдай орын алады. Тұрғындар азықтүлікпен қамтамасыз етілген. Қазір су деңгейі ақырын төмендеп келеді. Соңғы тәулікте ағын су 20 сантиметрге түсті. Қажет жағдайда қайықпен тасымалдаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде