{metadescription}
Қазақстан мен Әзірбайжан арасында бірқатар келісім жасалды
Қазақстан мен Әзірбайжан арасында бірқатар келісім жасалды

Қазақстан мен Әзірбайжан арасында бірқатар келісім жасалды

Каспий теңізі арқылы тасымалды ұлғайтып, алыс-берісті де еселеп арттыру қажет. Бүгін Қазақстан мен Әзірбайжан арасында осы бағытта бірқатар келісімдер жасалды. Түс ауа ресми сапармен Астанаға табан тіреген Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевті Ақордада барлық сән-салтанатпен қарсы алды.

Қос елдің басшылары бірлесіп шешуге, дамытуға уағдаласқан сала көп.

Әзірбайжан президентінің келетіні өткен апта хабарланды. Ильхам Әлиевтің ұшағы Астана әуежайына түстен кейін қонғанымен, қонақты күтіп алуға дайындық ерте басталды. Әдеттегідей, екі елдің туы негізгі көшелерге ілініп, кездесудің саяси салмағы айқындала түскен.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің пандемиядан кейін Қазақстанға жасаған бірінші ресми іссапары. Былтыр екі ел басшысы "Загульба" резиденциясында кездескен. Жалпы Әзірбайжан - Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жылдан асты. Осыған дейін 90-нан аса маңызды құжатқа қол қойылса, соның қатары бүгін тағы толықты.

Әзірбайжандық әріптесін Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды. Алдымен үкімет мүшелерімен арнайы амандасып, Құрмет қарауылының бастығы рапортынан кейін екі елдің әнұраны орындалды.

Президенттер ұзаққа созбай, шағын құрамда, содан соң кеңейтілген құрамда келіссөзді бастап кетті. Ынтымақтастықты дамытудың 2026 жылға едйінгі бағдарламасына қол қойылды. Қазір де Қазақстан - Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы жарты миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш әлде де еселеп артуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Саудаэкономика, көлік-транзит, энергетика салаларындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқыладық. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты тереңдетуге қатысты бірқатар келісімге қол жеткіздік. Осы спаардың нәтижесі Қазақстан мен Әзірбайжанның ққарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін.

Әзірбайжанмен көлік-транзит байланыс, энергетика саласы Қазақстанға аса маңызды. Биыл қазақ мұнайының алғашқы легі осы ел арқылы, Баку-Тбилиси-Жейхан құбырымен Еуропаға жөнелтілген. Көлемі әзірге аз. Дегенмен алдағы уақытта оны еселеп ұлғайту жоспарланып отыр.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Энергетика саласындағы зор қолдауы үшін Ильхам Әлиевке ерекше алғыс айтқым келеді. Инвестициялық кіріс әкелетін басқа да салаларға тоқталдық.  Мысалы, экономикалық өсім әкелетін бірлескен ірі кәсіпорындар ашу, жеңіл өнеркәсіп, агро, құрылыс саласын дамыту туралы келісімге келдік.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша агрокәсіп өнімдерімен екіжақты сауда көлемі үш есеге өсіп, 146 миллион долларға жеткен. Бұл да дамытуды қажет ететін үлкен сала. Екі ел Үкіметіне де бұл жиында үлкен міндеттер жүктелді.

Ильхам Әлиев, Әзірбайжан президенті:

- Ең алдымен, Қазақстанға ресми сапармен шақырғаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Бауырлас қазақ жеріне келгеніме қуаныштымын. Біздің қарымқатынасымыз нығайып келеді. Халықтарымыздың арасындағы байланыстың тарихы терең әрі біз әрдайым бірбірімізге бауыр ретінде қараймыз.

Қазір Әзірбайжанда біздің 150-ге тарта компания жұмысын жүргізіп отыр. Ал Қазақстандағы кәсібін дөңгелетіп отырған 900 әзірбайжандық кәсіпорын тіркелген. Айырмашылық бірден байқалады. Ал бүгінгі келісімнен кейін бұл айырмашылық біршама теңесуі керек. Бұдан бөлек, бауырлас елдер арасындағы тарихи, мәдени, әдеби байланыс та нығаяды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде