{metadescription}
Шымкент мұнай өңдеу зауыты мерзімінен бұрын жұмысын бастады
Шымкент мұнай өңдеу зауыты мерзімінен бұрын жұмысын бастады

Шымкент мұнай өңдеу зауыты мерзімінен бұрын жұмысын бастады

Жанармай тапшылығы қысқан соң жөндеуде тұрған Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты межелі мерзімінен бұрын жұмысын бастады. Осыған дейін шенеуніктер жанармай құю бекеттерінен дизель мен автогаздың жоғалуын Шымкенттегі зауыттың уақытша тоқтауымен түсіндірген болатын.

Бақыт Ергенов, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС техникалық директоры:

- Қазіргі күнге тәулігіне 17 мың 700 тонна мұнай өңдеп жатырмыз. Одан шығатын мұнай өнімдері бензин 6200 тонна, дизель отыны 5600 тонна, авиакеросин 1150 тонна, сұйылтылған газ 820 тонна қазіргі тәулікте шығып жатқан.

Жылына бір рет ағымдағы жөндеуден өтуі тиіс зауыт тқрт жыл үздіксіз жұмыс істеген. Жұмысын уақытша тоқтатып, тиісті жөндеу жұмысына кіріскен кезде елде жанармай тапшылығы орнаған соң, жөндеуді амалсыз тәулік бойы істеуге тура келіпті. Қазір өзінің жүз пайыз қуаттылығымен жұмыс істеп жатқан зауыт сәуірдің соңына дейін 366 мың тонна мұнай өңдемек. Былтыр 6 миллион тонна өнім берген кәсіпорынға үкімет қуаттылықты екі есеге артуды тапсырған. Биыл Шымкент мұнай өңдеу зауытынан 12 миллион мұнай өнімі шығарылуы тиіс. Және басымдылық ішкі нарықты қамтуға беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде