{metadescription}
СІМ: Оңтүстік Кореяда ұсталған екі отандасымызды үш баппен сотталады
СІМ: Оңтүстік Кореяда ұсталған екі отандасымызды үш баппен сотталады

СІМ: Оңтүстік Кореяда ұсталған екі отандасымызды үш баппен сотталады

Оңтүстік Кореяда депортациядан қашып ұсталған екі отандасымызды елге қайтару мүмкін емес. Осылай деген сыртқы істер министрлігі олардың жат мемлекетте үш бап бойынша сотталатынын жеткізді. Халықаралық шу туғызған азаматтарға  қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Аталған азматтарға Корея Республикасының заңының үш бабымен айып тағылады. Біріншісі мммиграциялық бақылау туралы заңның бұзылуы, елге заңсыз кіру. Екіншісі – иммиграциялық бақылау туралы заңның бұзылуы, елде заңсыз болуы. Үшінші – әуежай обьектілері мен оның ғимараттары туралы заңды бұзу.

Шекараны заңсыз кесіп өтеміз деп опық жегендердің біреуі 18 жаста, екіншісі 21 жаста. Түркістан облысының тумалары жұмыс істемек болып Оңстүстік Кореяға 24 наурыз күні Ташкент арқылы жетеді.  Алайда әуежайдағы кедендік бақылаудан өте алмапты. Сөйтіп депортациялық рейсті күтпей, нысанның тікенек сым қоршауынан секіріп өтіп қашып кетеді. Жергілікті полицейлер біреуін телефон қуаттап жатқан жерінен қолға түсірген. Ал екіншісі тәртіп сақшыларына өз еркімен берілді. Енді оларға қатысты тергеу үш айға созылуы мүмкін. Кейін іс жергілікті прокуратураға беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде