{metadescription}
Атырауда 16 жастағы бойжеткен жоғалып кеткен
Атырауда 16 жастағы бойжеткен жоғалып кеткен

Атырауда 16 жастағы бойжеткен жоғалып кеткен

Атырауда төрт күннен бері 16 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. сәуір күні кешкісін үйінен шығып кеткен Әсемай Қазбекова қайта оралмаған. Полицейлер көшедегі бейнебақылау камераларынан жеткіншектің көпірдің үстіне шыққанын көрген. Ал одан кейін не болғаны белгісіз. Өйткені камера бағыты басқа жаққа қарап тұрған.

Жанар Сүлейменова, туысы:

- Күн батып келе жатқанын фотоға түсірген. Содан кейін білмейміз. Мынау видеокамералар, «Сергектер» жұмыс істемей тұрғанын білмей жатырмыз. Жанайқайымыз, ансының, әкесінің, мына «Сергек» камерасы неге дұрыс істемейді? Мысалға, мен сағатына 120, 200 жылдамдықпен келсем, маған бірден айыппұл салады. Ал адамның қауіпсіздігіне келгенде неге дұрыс істемей қалады?

Қазір тәртіп сақшылары , құтқарушылар мен  жүздеген атыраулық еріктілер бірігіп Жайық өзенінің жағалауын, қала көшелерін кезіп Әсемайды іздеп жатыр. Бірақ әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Сүңгуірлер де іздеу жұмысына жұмылдырылды. Құзырлы органдар қыз көпірден секіріп кетуі мүмкін дегенді де ашып айтты. Дегенмен оқушы қызды іздестіру жалғаса береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде