{metadescription}
Ақтөбеде жарық мекемесінің жұмысшылары жалақысын өсіруді талап етуде
Ақтөбеде жарық мекемесінің жұмысшылары жалақысын өсіруді талап етуде

Ақтөбеде жарық мекемесінің жұмысшылары жалақысын өсіруді талап етуде

Ақтөбеде жарық тарату мекемесінің жұмысшылары жалақысын екі есеге өсіруді талап етуде. Қазіргі айлығымыз күнделікті ас-суымыздан артылмайды дейді олар. Сондықтан таң атасымен жұмысын тоқтатып қойып, мекеме алдына жиналды.

Қадырбай Ахметов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Айлығымыз шайлығымызға жетпейді. Нанның бір көмешінің өзі 220 теңге тұрады. Ал жалақымыз жүз мың теңге. Ол не болады? Айлықты жүз пайызға көтерсін! 20-30 пайыз көтеруге келіспейміз.

Ақтөбедегі электр желілеріне жауапты мекеменің жұмысшылары жалақыға бір жарымай-ақ қойдық деп ашынады. Күнделікті үй аралап түбіртек тарататын бақылаушылардың айына алатыны 80 мың теңге. Ал электрик, монтер небәры 100 жүз теңгені місе тұтуда. Қазіргі қымбатшылық қысып тұрған шақта бұл жалақы азық-түлік алуға жетпейді дейді жұмысшылар. Соңғы рет жарық тарататын мекемеде жалақы екі жыл бұрын көбейген. Ол кезде де жұмысшылардың жаппай наразылығынан кейін айлық 20 пайызға көтеріліпті. Ал бұл жолы жағдай бірден шешілмейтін сияқты. Себебі, осы компанияға жаңадан келген басшы қаржылық жағдайды түсініп алуға екі апта уақыт сұрап отыр.

Ержан Жексембинов, «Энергосистема» ЖШС бас директоры:

- Маған кішкене уақыт беріңіздер. Осы айдың аяғында, бірекі апта ішінде осының бәрін мен айналысып, іштегі түбегейлі түсініп, оған жоспарын жазып, соны сіздерге кездесіп баяндауға дайынмын. Бірақ қазір бүкіл еліміздің ішінде коммуналдық мекемелердің айлық деңгейі төмен екені бәрімізге белгілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде