{metadescription}
Елімізде аяқ киім қымбаттады
Елімізде аяқ киім қымбаттады

Елімізде аяқ киім қымбаттады

Елімізде аяқ киім қымбаттады. Баға бір жыл ішінде бірден 21 пайызға өскен. Energyрrom сарапшылары өндіріс көлемінің де екі есе артқанын айтады. Яғни екі айда елімізде 286 мың жұп аяқ киім шығарылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 43 пайызға артық.

Өндіріс бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Онда соңғы екі айдың өзінде 153 мың жұп аяқ киім шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

 Алматы мен Жамбыл облысында да отандық өнімді өндіру айтарлықтай өскен. Ал аяқ киім импорты азайып, сәйкесінше құны шарықтап отыр. Аяқ киім әсіресе Маңғыстау облысында қымбат.

 Шымкент пен Астана қаласында да аталған тауарға қатысты баға көңіл көншітпейді. Ерлердің аяқ киімі Ақтөбе облысында 130 пайызға дейін көтерілген. Маңғыстауда әйелдердің, ал оңтүстік өңірде балалар аяқ киімінің құны аспандап тұр, 156 пайызға дейін өскен.

 Аяқ киім өндіретін компания басшылары қымбатшылыққа қатысты бірнеше себепті келтірді. Айтуларынша, баға ең алдымен тасымалдау құнының өсуі мен инфляцияға байланысты екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде