{metadescription}
Британдық парламенттік дебат форматындағы пікірсайыс үздіктері анықталды
Британдық парламенттік дебат форматындағы пікірсайыс үздіктері анықталды

Британдық парламенттік дебат форматындағы пікірсайыс үздіктері анықталды

Астанада елдің үздік пікір сайысшылары анықталды. Оқушылар арасындағы ұлттық чемпионатқа Қазақстанның әр түкпірінен 38 команда келген. Британдық парламенттік дебат форматында ұйымдастырылған пікірсайыстың мақсаты — жастар арасында сыни және шығармашылық ойлау дағдысын қалыптастыру.

Жансая Қанағатова, сайыстың бас төрешісі:

- Негізгі өлшемнің үшеуі,бірінші релеванттылық. Екінші адамдардың аргументті қаншалықты аяғына дейін жеткізіп талдап айтуы. Үшіншісі дәлелдердің қаншалықты маңызды болуы бағаланады. Нәтижесі керемет. Менің ойымша, осындай мектеп оқушыларының арасында дебат қозғалысының дамуы өте жақсы.

Екі адамнан тұратын топ төрт кезең бойы мүдірмей үздік екенін дәлелдеуі тиіс. Одан сүрінбей өткендер 30 сәуірде Ұлыбританияның Кембридж бен Оксфорд университеттерінде өтетін халықаралық додаға жолдама алады. Байқау нәтижесі бойынша семейлік оқушылар топ жарып, ел намысын қорғайтын болады. Пікірсайысқа 12 тәжірибелі спикер әрі төреші қазылық етті. Шараға мұрындық болған "Астана Гарден скул" мектебі мен "Ел үміті" Корпоратив қоры.

Азамат Оңайбаев, «Ел үміті» Корпоратив қорының медиа жобалар басшысы:

- Аталмыш шара тарихымызда тұңғыш рет өтіп жатыр. Жеңімпаздар ағымдағы айдың соңында Англияға үлкен жарысқа қатысады. Биыл бірінші мәрте болғасын, бірінші мақсатымыз қатысу. Әрине, үлкен мақсаттардың бірі жеңу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде