Таразда бандит-блогер топ құрып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған
Таразда бандит блогер ұсталды. Ол ұйымдасқан топ құрып, «жастарды тәрбиелейміз» деген желеумен қоғамдық қор ашып, жергілікті кәсіпкерлерді ақша салуға мәжбүрлепті.
Автор: Руслан Әбдіхалық
11.04.2023
Көнбегенін қинаған, тізе батырып төпелеген. Бұлардың тарапынан бопсалау көбейген соң, құзырлы орындардың назарына ілігіпті. Ұзақ уақыт аңдып, ақыры құрықталды. Ұйымдасқан топтың жетекшісі қылмыс әлемінде аты шыққан азамат дейді полицейлер. Ол біртіндеп блогерлікпен айналысып, әділеттілікті жақтаушы ретінде желіде белсенді бола бастаған. Көшеде тек оққағарларымен жүрген деседі.
Арнайы операция кезінде 9 адам ұсталды. Олардың үйін тінту барасында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған Калашников автоматы мен бірнеше тапанша және 38 пышақ табылған. Және есірткі тәркіленді.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:
- Сонымен қатар қылмыстық топтан екі келіден астам есірткі тәркіленді. Қылмыстық топқа қатысты бопсалау, қару мен есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!