{metadescription}
Электр орталықтарына күрделі жөндеуді бастауға пәрмен берілді
Электр орталықтарына күрделі жөндеуді бастауға пәрмен берілді

Электр орталықтарына күрделі жөндеуді бастауға пәрмен берілді

Үкімет алдағы жылыту маусымына әзірлікті әдеттегіден ерте бастады. Жылда осы уақытта қамсыз отыратын шенеуніктерге Екібастұз бен Риддердегі жағдай таяқ боп тиген. Энергетика министрі де жұмысына кірісе салысымен, жылу электр орталықтарына күрделі жөндеуді бастауға пәрмен беріпті.

 «Елде барлық орталыққа қажет құрал-жабдықтарды алып қойдық» - дейді Алмасадам Сәтқалиев. Екібастұздағы жылу электр орталығының жайы не болмақ? Оны жөндеу қашан басталады?

Жылыту мерзімі аяқталып келе жатқанымен, 8 кіметтегілер биыл қыстай оңдырмай сабақ алғаннан кейін бе, жылу электр орталықтарының жайын тағы бір пысықтады. Әуелі, су жаңа энергетика министрі Ата заңға қолын қойып, антын қабылдап, салтанатты түрде қызметіне кірісті.

Алмасадам Сатқалиев жұмысын елдегі тозығы жеткен жылу электр орталықтарының рейтингін жасаудан бастапты. Тізімнің ең басында тұрған Арқалық жылу электр орталығы. Осыдан 60 жыл бұрын пайдалануға берілген нысандағы жабдықтардың бес пайызы ғана бүтін, қалғаны ескі-құсқы. Орал мен Кентау қалаларында да жылу орталықтарының жағдайы кісі шошырлық күйде. Екі аймақтағы нысанның 95 пайызының тозығы жеткен. Сатқалиевтің сөзінше, күрделі жөндеу кейбір жылу электр орталықтарында басталып та кеткен. Қажетті құрал-жабдықтар да сатып алынған.

Алмасадам Сатқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Еуразиялық энергетикалық корпорацияның № 8 энергия блогында, Петропавл жылу электр орталығы, «СевКазЭнерго», Атырау жылу электр орталығы, «АрселорМиттал Теміртау», Жезқазған мен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» жылу орталықтарында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. 15 сәуірде "Таразэнергоцентр", 21 сәуірден бастап Қарағанды ЖЭО 3, "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС, сондайақ жөндеуді қажет ететін бірқатар басқа нысандарда жөндеу жұмысы басталады.

Осыған дейін Екібастұздағы жылу электр орталығын бір теңгеге саудалаймын деп келген Клебанов мырза бұдан былай нысанның 50 пайызына иелік ететін болды. Ал қалған 50 пайызы мемлекет меншігіне беріледі. Роман Скляр таяу арада жөндеу жұмыстары басталады, алдағы қыста Екібастұздың жұрты жаурамайды деп уәдесін беріп отыр. Айтпақшы, жылу орталығының жартылай қожайыны жөндеу жұмысына 7 жарым млрд теңге бөлетін болыпты.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- Мемлекет жекеменшік нысандарды жөндеуге ақша бөле алмайды. Сол себепті ЖЭО нысандары мен жылу желілерін коммуналдық меншікке өткізеді. 50 пайыз коммуналдық меншікке алатын жабдық. Ол бюджет қаражаты есебінен жөнделеді. Жылу желілері бойынша да дәл солай. Қалғаны тепетең негізде. Осылайша Екібастұзда келесі маусымда проблема болмайды.

Биыл Үкімет энергиялық бақылауды заңнамалық тұрғыдан күшейтеміз деп отыр. Бұл біріншіден, кез келген уақытта, жоспардан тыс тексеріс жүргізуге болады дегенді білдіреді. Екіншіден, жекенің қолындағы энергия нысандарын күтіп ұстамағаны анықталатын болса, мемлекет оны өз меншігіне алуға құқылы болады.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Бұл жұмысты сапалы және уақтылы жүргізудің маңызы өте зор. Сондайақ екі мың шақырым жылу желілері жекеменшікте екенін баса айтқым келеді. Олардың тозу деңгейі шамамен 77 пайыз. Осы желілердің жағдайына және жөндеу жұмысының міндетті түрде жүргізілуіне бақылауды күшейту керек. Энергия объектілері иелерінің жауапкершілігін арттырып, оны қызмет көрсету келісімшарттарда қарастыру керек. Шарт талаптарын орындау ұсыным түрінде емес, міндетті болуы тиіс.

Осылайша жаз басталмай, қыс қамына кіріскен Үкімет мүшелері алдағы жылыту маусымы у-шусыз, тыныш өтеді деп отыр. Ал осыған дейін мемлекеттік тілге шорқақтығынан сынның астында қалған Алмасадам Сатқалиев бүгін баяндамасын бастан-аяқ қазақша оқып шықты. Жаңа министр жарты жыл уақыт берсеңіздер, қазақша сайрайтын боламын сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде