{metadescription}
Энергетика министрі АЭС салуды толық қолдайтынын ашық айтты
Энергетика министрі АЭС салуды толық қолдайтынын ашық айтты

Энергетика министрі АЭС салуды толық қолдайтынын ашық айтты

Атом электр станциясының құрылысы халықтың талап-тілегіне байланысты. Сондықтан мәселені қоғамдық пікірді ескере отырып шешу қажет деп санайды энергетика министрі.

Елімізде АЭС салу туралы сұрақ қызу талқыға түсіп жүр. Бұл туралы мамандар мен бұқараның пікірі де сан-алуан. Үкімет әзірге нақты айтпаса да, АЭС салу үшін Алматы облысын таңдап отырғанын мәлімдеген. Егер солай болған күннің өзінде, күрделі құрылыстың нақты қашан және қай елдің компаниясы бастайтыны әзірге белгісіз. Енді энергия тапшылығын азайтатын құрылыстың керек-керек еместігін халық шешуі қажет. Ал өз кезегінде Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясын салуды толық қолдайтынын ашық айтты. 

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Мен АЭС салуды қолдаймын. Өз дауысымды осы ұстанымға кез келген формада беруге дайынмын. Фукусима оқиғасынан кейін енгізілген, қазір салынып жатқан атом электр станцияларына қойылатын талаптар күшейді. Бұл мәселеде сөзсіз, диалог жолға қойылады. Парламент алдында есеп беруді жоспарлап отырмыз. Олардың да атом энергетикасы туралы сұрағы көп. Партия атынан сөйлеп жүрген партиялар да бұл мәселені көтеріп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде