{metadescription}
Елімізде сүт өнімдері қымбаттап барады
Елімізде сүт өнімдері қымбаттап барады

Елімізде сүт өнімдері қымбаттап барады

Елімізде енді сүт өнімінің бағасы да аспандап барады. Бір жылдың ішінде шамамен 30 пайызға қымбаттаған. Орташа статистиканың шеңберіне сыймайтын өңір де бар. Мәселен, Маңғыстау облысында соңғы 12 айда сүт құны 42 пайызға дейін көтерілген.

Қызылорда облысы мен Астана қымбатшылық үштігін түйіндейді. Былтырғымен салыстырғанда 32-33 пайыз аралығында айтарлықтай айырмашылық байқалады. 

Оңтүстік мегаполис Алматы сүт өнімдері қатты қымбаттамаған Ұлытау және Ақмола облыстарымен бір қатарда тұр - 22-25 пайыздың шамасында. Соңғы көрсеткіш бұрынғы жылдардан асып түсті. 2022 жылы небәрі 11,8, ал 2021 жылы 8,2 пайызға ғана құны құбылған. Зерттеу бойынша, орташа әр Қазақстан азаматы жылына 226 келі сүт өнімін тұтынады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.