Алты өнімнің бағасы бірте-бірте төмендеп келе жатыр екен
Қарақұмық, күнбағыс майы, қант, тауық еті, картоп, сәбіздің бағасы біршама арзандапты. Осы алты өнімнің құны алты апта бойы бірте-бірте төмендеп келе жатыр дейді сауда және интеграция министрі.
Автор: Мерей Қалиасқар
11.04.2023
Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар тауарларға алдағы уақытта да тапшылық болмайды деп сендіріп отыр. Бүгінде картоп, сәбіз, орамжапырақ пен пияз қоры жеткілікті көлемде бар екен. Жанармай бағасының өсуі де азық-түліктің қымбаттауына аса қатты әсер етпейді, сол себепті алаңдауға еш негіз жоқ дейді министр.
Серік Жұманғарин, ҚР премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі:
- Қазір біздің сақтандыру қорларымызда өз тауарларымыздың көлемі жеткілікті. Ішінде картоп та, сәбіз де, қырыққабат та бар. Сол себепті ешқандай проблема жоқ деп есептеймін. Соңғы бес аптада бағаның өсуі 0,3 пайыз болды. Ертең тапшылық болады деп, жоғары өсім болады деп, қазір әңгіме қозғау қажет емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!