{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайы 313 миллионға шығынға батқан
Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайы 313 миллионға шығынға батқан

Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайы 313 миллионға шығынға батқан

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайға шабуыл ұйымдастырды деп күдікке іліккендерге қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгін жәбірленуші тарап ретінде әуежай мен әуе компанияларының өкілі сөз алып, келген шығынын жариялады. Бейберекетсіздік кезінде Алматы әуежайы 313 млн теңгеден астам шығынға батқан.

Альберт Жазыбаев, Халықаралық Алматы әуежайының өкілі:

- 313 млн 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келді. Компьютерлер бүлінді. Арнайы тексеретін құрылғылар істен шықты. Ол күндері ұшу тоқтады. Біз айтып отырған шығын жоғалтқан пайдамыз емес. Ол бұзылған жабдықтар. Әуежай ішіндегі құралсаймандардың талайы жарамсыз боп қалды. Сондай-ақ, күдіктілер аумақтағы бірнеше көлікке мінген. Қызметкерлердің рациясы ұрланған.

Атышулы іс Алматы қаласының ауданаралық сотында майшаммен қаралып жатыр. Бес азаматқа айып тағылған: Әйгерім Тілеужанова, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Далыбаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Карменов. Бесеуі де әуежайды басып алып, жұмысын тоқтатуға әрекеттенді деген күдікке ілікті.

Тергеу мәліметінше, олар стратегиялық нысанға арнайы барып, жұртты жанына жинаған. Тіпті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жасағы мінген ұшақты қондырмас үшін электр қуатын өшіруге талпынғаны туралы прокурордың айыптау актінде жазылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде