{metadescription}
Бірінші сыныпта тек бір ғана тіл оқитын болады
Бірінші сыныпта тек бір ғана тіл оқитын болады

Бірінші сыныпта тек бір ғана тіл оқитын болады

Екінші сыныптарға жаңа оқу жылынан бастап шет тілі оқытылмауы мүмкін. Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысы қоғамдық талқылауға салынды.

Бұл бастауыш сынып оқушыларына жүктемені азайту мақсатында істелініп отыр. Яғни министрліктегілер оқушылардың қазақ тілін жіті меңеруіне назар аударып отыр. Енді келесі оқу жылынан бастап 1-сынып оқушысы тек бір ғана тіл оқиды. Ал орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан қосылады.

 Бастауыш сынып оқушыларына  «Көркем еңбек» пәні «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» болып екіге бөлінеді. Бұл әр пәнге көбірек уақыт бөлу мақсатында енгізілмек. Бірақ түпкілікті шешім қабылданып, аталмыш өзгерістер оқу бағдарламасына әлі енгізілген жоқ. Түзетулер 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылаудан өткізілуге тиіс. 

Гүлмира Құлсариева, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің бас сарапшысы:

- Негізгі мақсат оқушыларға жүктемені азайту. Сондайақ бірінші кезекте оқушылардың ана тілін үйренуіне баса назарын аудардық. 2023-2024 оқу жылынан бастап 10 және 11-сыныптарда ағылшын тілін үйрену бір сағатқа көбейтіледі. Яғни жаратылыстануматематикалық бағыттағы сыныптарда ағылшын тілі үш сағат, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда төрт сағат оқытылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде