{metadescription}
Павлодар облысындағы Ребровкада жайылым жерлер жекеге сатылып кеткен
Павлодар облысындағы Ребровкада жайылым жерлер жекеге сатылып кеткен

Павлодар облысындағы Ребровкада жайылым жерлер жекеге сатылып кеткен

Павлодар облысында тұрғындар мал жаятын жер таба алмай отыр. Ребровка ауылында осы күнге дейін төрт түліктің жайылымы болған  жерлер жекеге сатылып кеткен. Халық өрісіміз тарылды дейді. Ал жайылымды алған кәсіпкер сүт фермасын салмақшы.

Бұл іске ауыл әкімі араласа алмай отыр. Десе де қос тарап сотқа жүгініп, жайылым жердің нақты кімге тиесілі екенін анықтамақшы.

Ребровка ауылының тұрғындары тек төрт түліктің арқасында күн көріп отыр. Осы күнге дейін елдімекеннен шығар жолдың қос қапталында мал жаятын. Биыл сүт фермасын ашуды көздеген кәсіпкер ол маңға ешкімді жолатпай қойған. Шағымданған тұрғындарға өзге аумақтан 400 гектар жер беремін деген. Алайда ауыл халқы оны азсынып отыр.

Сағындық Жетпісов, Ребровка ауылының тұрғыны:

- Ол жайылым жер бізге тым аз. Мал дегенің ұшып жүретін құс емес қой. Жылқымыз бар, қойымыз бар. Оны қайда жаямыз? Ауылдың жерін қалай сатып алғанына таңбыз.

Ауыл шетіндегі 2300 гектар жер осыдан бес жыл бұрын сатылып кеткен. Оны тұрғындар жақында ғана білген. Алғашқыда кәсіпкер мал жаюға еш кедергі келтірмеймін деп уәде берсе, ферманың құрылысы басталған бойда өзгеріп шыға келді дейді жиналғандар.  

Валентина Фиошина, Ребровка ауылының тұрғыны:

- Басында бәрін қатырамын, малдарың кедергісіз жайыла берсін деді. Енді отырмыз, жер де жоқ, шөп те жоқ, тек кәсіпкердің фермасы ғана бар. Менің аумағыма аттап баспаңдар дейді.

Ауыл әкімі жайылым жердің жекеге өткеніне еш қатысым жоқ деп ақталды. Өйткені бұл қызметке кейін келген екен.

Амангелді Рүстемов, Алғабас ауыл округінің әкімі:

- Қазір ауыл тұрғындарының 50-60 мүйізді ірі қарасына 400 гектар жайылымдық қарастырып жатырмыз. Ол аз, әрине. Бірақ жоқтан жақсы. Соған разы боламыз.

Тұрғындар құзырлы органның бәріне шағымданған. Жекеге өткен жайылымға тексерушілер де келіп кетіпті. Енді іс сотта қаралып жатыр. Бірақ кәсіпкер сүт фермасының құрылысын тоқтатар емес.

Оксана Кондратьева, «Кронос-Павлодар» ЖШС өкілі:

- Қазір жүріп жатқан сот процесі қолданыстағы заңға сәйкес, құрылысмонтаж жүргізуге кедергі болмайды. Одан әрі не болары сот шешіміне байланысты. Соны күтейік.

Компания өкілі жерге қатысты құжаттың бәрі бар дейді. Енді екі тарап та жайылым жерден айрылғысы жоқ. Сондықтан бұл дауға тек сот нүкте қояды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде