{metadescription}
Қарағандыда үлескерлер жаңа баспанаға төлеген ақшасын ала алмай жүр
Қарағандыда үлескерлер жаңа баспанаға төлеген ақшасын ала алмай жүр

Қарағандыда үлескерлер жаңа баспанаға төлеген ақшасын ала алмай жүр

Қарағандыда үлескерлер жаңа баспана түгілі, төлеген ақшасына зар болды. Құрылысы 2018 жылдан бері әлі күнге аяқталмаған «Британский квартал» тұрғын үй кешенінен бас тартқан үлескерлер енді салған қаржысын қайтара алмай сандалып жүр.

Ақниет Әбжатов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- 5 жыл, 4 жыл, 3 жыл салған ақшасын ала алмай жүр. Көпкөрім сома, енді 3-4 жыл бұрынғы салған ақша мен қазіргі ақшаны салыстырсаңыз, қазір үй алуға қымбаттап кетті. Сол кезде 20 -21 миллионның үйлері қазір үш бөлмелеріңіз 28-29 миллион. Осы компаанияның кесірінен халық осы жағдайға ұшырап, салған ақшамызды ала алмай жүрміз.

Үлескерлер екі жыл бұрын жаңа баспанаға қоныстануы керек еді. Алайда «Британский кварталдың» құрылысы сол күй мандымай-ақ қойды. Қаражаттарын қайтаруды талап еткендері былтырдан бері құрылыс компаниясының табалдырығын тоздырып жүр. Тіпті сот орындаушылары да берешекті өндіре алмапты.

 Дегенмен құрылыс компаниясы өкілдері қарыздан қашпаймыз дейді. Айтуларынша, былтырдан бері ақшасын талап еткен 180 адамның 120-на 900 миллион теңге қайтарылған. Қалған 60 адамға тиесілі 200 миллион теңгені жазға дейін табамыз деп отыр. Қазір құрылыс қайта жанданыпты. Арадағы келісімшартты үзбеген 385 адам келесі жылдың аяғында баспаналы болады деп сендірді.

Аманжол Райымқұл, құрылыс компаниясының өкілі:

-  Пандемия мен баға өсуі сияқты себептермен құрылыс тоқтап қалды. Осыған байланысты көптеген қиындық туындады. Қазір инвесторлар табылып, құрылыс қайта жүріп жатыр. 60 адамға берешекті бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін қайтарамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде