{metadescription}
Атыраудағы Тасқала халқы құм-тас кенішін жаптыруды талап етті
Атыраудағы Тасқала халқы құм-тас кенішін жаптыруды талап етті

Атыраудағы Тасқала халқы құм-тас кенішін жаптыруды талап етті

Атырау іргесіндегі Тасқала тұрғындарының да тынысы тарылып, наразылық білдіруде. Онсыз да экологиясы мәз емес өңірде көк шаң жұтып отырмыз дейді олар. Шаң ауыл маңындағы карьерден шығып жатыр. Тіпті тас тиеген жүк көліктері ауыл ішімен жүріп, тынышымызды бұзды дейді жиналғандар.

Халық құм-тас алатын кеніштің жабылуын талап етуде. Алайда әкімдік заңды жұмыс істеп жатқан кәсіпкерге еш шара қолдана алмаймыз деген.

Атырау қаласының маңындағы Тасқала тұрғындары ауыл іргесінен құм-тас қазатын карьердің зардабын көріп отыр. Осыдан екі жыл бұрын да бүкіл халық наразылыққа шығып, кеніш жұмысын уақытша тоқтатқан. Алайда биыл кәсіпорын қайта жұмыс істей бастапты.

Оралбай Дәрібаев, Тасқала ауылының тұрғыны:

- Халық шулағанымен, жоғары билікке дауысымыз жетпейді. Жеткенмен де, билік айтқан уәдесінде тұрмай отыр. Тоқтатып қойды карьерді. Ал енді адам ештеңе білмейді. Ең  болмаса, халыққа айтпай ма, осындай жерде карьерді қайта ашайық деп жатырмыз деп. Ешкім айтқан жоқ. Кеше әкеліп тасып жатыр. Көк ала шаң. Ауылдан берекет кетті.

Нұргүл Қалиева, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Кәсіпкер мен тұрғындар арасында орын алған наразылыққа  байланысты тоқтату заң бойынша мүмкін емес. Басқа да жолы қарастырылуда. Басқа органдамен, мемлекеттік басқа да құқық органдармен  қарасырып жатырмыз. Өйткені тоқтату заңда қарастырылмаған.

Бұл жерден қазылған топырақ өңірдегі республикалық жолдардың және әлеуметтік нысандардың құрылысына пайдаланып жатыр дейді шенеуніктер. Дегенмен ауыл тұрғындары карьерді жауып, көз аштырмайтын көк шаңнан құтқаруды талап етуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде