Адамның басы салынған пакетті базарға тастап кеткен — Алматы
Алматыда жантүршіктіретін жағдай. Бетперде киген бәзбіреу адамның басы салынған пакетті базарға тастап кеткен. Шұжық дүкенінің сатушылары затын ұмытты екен деп, ер адамның соңынан сыртқа шықса, ол ізім-ғайым жоғалған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
12.04.2023
Пакеттің ішіндегі басты көрген саудагерлер бірден полиция шақыртқан. Ал марқұмның денесі басқа жерден табылды. Тәртіп сақшылары өлген әйелдің кім екенін анықтады.
Әдетте ығы-жығы базардың көшесінде бүгін ұшқан шыбынның ызыңы естілмейді. Полиция жолдың екі бетін де жауып тастаған. Басты назар қоршауға алынған аумақтағы жерде жатқан пакетте. «Ішіндегісі бас па?» деп сұрасақ, саудагерлер үнсіз бас шұлғиды. Алдияр Әбиболла күдіктіні өз көзімен көрген куәгердің бірі.
Алдияр Әбиболла, саудагер:
- Осы жерде жүрді подозрительный, очки киіп алған, маскада. Көк аспан көк бар ғой сондай курткамен ары бері жүрген еді. 0608 Пакетті ол біздің көрші ана жерде магазинге, сол жерге тастады. Магазиннің ішіне тастады. Кейін ол охранамен контралер соларды шақырды. Енді подозрительный адам келіп тұр ғой. 0626 Сосын сыртта тексеріп ашып қараса адамның басы.
Күдікті қолындағы пакетті шамамен 12-нің шамасында мына шұжық сататын дүкенге тастапты. Оған дейін базар ішін арлы берлі 3-4 рет айналып жүрген көрінеді. Пакетті ашқанда ішіндегі басты көріп, шалқасынан түсе жаздаған сатушының бозарған бетіне әлі қан жүгірмегендей. Өз-өзіне келе алар емес.
Бас табылған базардан 300 адым жердегі Сейфуллин мен Шолохов көщелерінің қиылысындағы саябақтамыз. Әлеуметтік желіде жайсыз жаңалықты естіп, жағасын ұстаған жұртшылық арасынан оқиға куәгеріміз деген қолданушылар табылды. Кейбіреуінің айтуынша, марқұмның денесі осы аумақта табылған. Алайда, әзірге полиция бұл қылмыстың мән-жайы туралы ашып айтпады.
Әлеуметтік желіде басы кесілген мәйіттің фотосы тарады. Кешірек полиция ресми растады. Саябақ маңындағы қараусыз қалған ғимарат жанынан таңғы 9 шамасында әйелдің мәйіті табылған. Жеке басы анықталды. 1976 жылы туған әйел бұрын бірнеше рет сотталыпты.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция Басқармасымен ҚР ҚКнің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Сұмдық қылмысқа барған, онымен қоймай базарда бас салынған пакетпен емін-еркін тайраңдаған күдікті қолға түспеді. Оның жеке басын анықтадық деген полиция әзірге ақпарат таратпады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!