Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ілияс Өсеров ұсталды
Ұлттық экономика министрінің орынбасары ұсталды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің хабарлауынша, Ілияс Өсеров ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Автор: Айғаным Достанбай
12.04.2023
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Антикордың мәлімдеуінше, ол сот үкімімен тәркіленген үш коттедж бен екі пәтерді тамыр-танысына арзан бағаға сатқан. Соған қарағанда құзырлы орган Ілияс Өсеровтің 2019-2022 жылдар аралығында Алматы қаласында атқарған қызметінен кәнарат тапқан болуы мүмкін.
Тергеу сотының санкциясымен осы іске қатысы бар тағы екі күдікті үй қамағына алынған. Олардың заңсыз әрекетінен мемлекетке келтірген залал мөлшері 819 миллион теңге шамасында деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі. Ал ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметіне Ілияс Өсеров былтыр ғана келген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!