{metadescription}
Ақтауда дәрігерлер ауызашарда астан уланған
Ақтауда дәрігерлер ауызашарда астан уланған

Ақтауда дәрігерлер ауызашарда астан уланған

Ақтауда дәрігерлер жаппай астан уланды. Ұшынып қалған 16 дәрігер қаладағы белді қонақ үйдің мейрамханасында ауыз ашқан.

Ауызашарға шақыртылған қонақтардың арасында аудандар мен қаладағы медициналық мекемелерде жұмыс істейтін 50-ге жуық дәрігер болыпты. Олардың 16-сы кешкі астан кейін аурухана түскен. Қазір астан уланғандардың тең жартысы емделіп жатыр. Барлығының жағдайы орташа дейді инфекционистер.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар уланған дәрігердің әрқайсысында емдеп жүрген жүзден аса науқас бар дейді. Сондықтан бұл жағдай оларды әбігерге салып отыр. Қонақ үй басшылығы аталған жағдайға қатысты тексеріс басталғанын жеткізді.

Гүлбану Нұржанова, Маңғыстау облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- 16 науқас келіп қаралды. Олардың ішінде 10 адамды біз ішек инфекциясы, гастроэнтерит диагнозымен ауруханаға жатқыздық. Алтауында жеңіл түрде болған соң, оларды амбулаторлық емге жолдадық. Оларың бәрінде де ішек инфекцияларының клиникалары болды. Іші бүріп ауырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.