Петропавлда сепаратизмді насихаттағандарға қылмыстық іс қозғалды
Петропавлдағы сепаратизмді насихаттағандар әзірге күдіктілер қатарында емес. Бірақ қылмыстық іс қозғалып, олардың әрекеті жіті тексеріліп жатыр.
Автор: Әзиза Төленби
12.04.2023
Тергеу барысында осы топтың 18 мүшесіне және олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізіліпті. Олардың айтқан сөзіне сараптама да жүргізілуде. Оған бір ай қажет. Бұл іске әділет министрлігі де тартылған. Жақын күндері әрқайсының айтқан сөзіне құқықтық баға беріледі. Әзірге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылмаған.
30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі» дейтін топ өздерін Қазақстанға тәуелді емеспіз деп жариялап, әлеуметтік желіге видеоролик таратқан. Іс қазір Бас прокуратураның жіті бақылауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!