{metadescription}
Жигули Дайрабаев ұлдарының кінәлі екеніне сенбейді
Жигули Дайрабаев ұлдарының кінәлі екеніне сенбейді

Жигули Дайрабаев ұлдарының кінәлі екеніне сенбейді

«Ат төбеліндей адамның талабы үшін, мандатымды тапсырмаймын». Бүгін депутат Жигули Дайрабаев Мәжілістен кетпейтінін ашық айтты. Екі ұлы бірдей істі болған мәжілісмен балаларының кінәлі екеніне сенбейді екен. Керісінше, олар әділдік үшін соңына дейін күреседі деп отыр.

Дайрабаевтың екі ұлы өткен аптада ғана бес жылдан шартты жаза арқалаған болатын. Оларға тағылған айып жеңіл емес. Сыбайластарымен бірге мемлекеттің 550 миллион теңгесін қалтаға басқан. Бұл қаржы құлпынай егуге берілген Үкіметтің субсидиясы. Алайда депутат-әке сот үкімімен келіспейді.

 Жалпы, Парламентке келгелі Дайрабаевтың басынан дау арылмады. Оны Жамбыл облысының тұрғындары да жайылым жерді тартып алды деп кінәлап, біздің арнамызға шағым айтқан. Бұған қарамастан мәжілісмен мандаттан бас тартпаймын деп отыр. Депутаттың тілшілерге де «өкпесі қара қазандай».

Жигули Дайрабаев, Мәжіліс депутаты:

- Мен екі ұлымды да кінәлі деп есептемеймін. Апелляцияға береді. Адвокаттар жұмыс істеп жатыр. Олар күні бүгінге егіс дала жұмысымен айналысып жатыр. Біреу айтты екен деп, мен бүгін кете қалатын жағдай жоқ. Мәселеге алдын ала байбалам салатын түгі жоқ. Бір жерден бірдеңе іліп тауып алып тұрып, бірбірімізді шұқылағанды қою керек, құрметті ағайын. Мен мемлекетке, мына қазақ халқына қызмет істеймін. Менің пайдам көп тиеді, осы, әсіресе, ауыл шаруашылық мәселесіне.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде