{metadescription}
Президент латын қарпіндегі билбордтарды сынады
Президент латын қарпіндегі билбордтарды сынады

Президент латын қарпіндегі билбордтарды сынады

Бұл — қазақ тілі емес. Президент латын қарпінде жазылған көше билбордтарындағы жазуларды сынады. Латын әрпіне көшуіміз керек деп көптеген өрескел қателікке жол бердік дейді бүгін Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Тағы бір өте маңызды мәселе. Бұл қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне қатысты. Бұл мәселе бүкіл қоғамның ықыласын тудырғаны белгілі. Мен бұрын бұл мәселе бойынша талай рет айттым: біз, ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасауымыз керек. Мәселе кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне механикалық түрде көшуде емес. Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік. Мысалы, латын қарпімен жазылған билбордтарға қараңыздар. Бұл қазақ тілі емес. Тіліміздің табиғатына жат бұрмаланған мәтіндер.

Латын әліпбиіне көшуді асығыстыққа жол бермей, жан-жақты ойластыруды мемлекет басшысы Ғылым академиясының басшылығына тапсырды.

Президент, сондай-ақ елдегі ғылымның дамуын тежеп тұрған факторларды жіпке тізді. Ғылымға Үкімет тарапынын жыл сайын көңіл бөлінуде. Дегенмен сол ғылым атын жамылған пысықайлар қазынадан бөлінетін қаражатты май-шелпекке айналдырып алған. «Қаржы гранттарының көбінесе ғылыми маңызы, өзектілігі жоқ жобаларға берілетіні ешкімге жасырын емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Алдағы уақытта да ғалымдардың мәртебесін көтеріп, оларды әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етуді күшейетінін айтты. Осы ретте жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі мен атағына қарай төленетін үстемеақыны бір жарым есе арттыруды тапсырды. Президент «күрішті күрмектен айыра білуіміз керек» дей келе, «материалдық қолдауға әкімшілік, саяси қызметінің арқасында атаққа қол жеткізгендер емес, нағыз маңдай терімен еңбек етіп жүрген ғалымдар лайық» деп, сөзін сабақтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде